Петропавлда алғашқы хакатон өтті. IT- технологиялары байқауына 100 жас солтүстікқазақстандық қатысты.
5 командаға бөлінген қатысушылар инновациялық даму саласындағы тың идеяларын ортаға салды. Ал жергілікті IT компаниялардың өкілдері ұсынылған жұмыстарға өз бағасын берді. Жарыстың жүлде қоры 900 мың теңгені құрайды.
ЕРЛАН ШҰЛАНОВ, KOZYBAEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ, РЕКТОР:
- Ең бастысы, оқушылар мен студенттер технологияларды меңгереді. Хакатонның аясында олар өз күшін сынап, өзекті мәселелерді шешуге ат салысады. Егер бұл жобалар ертең ары қарай дамып, жүзеге асса игі.