ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ ТАНЫМДЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

13:07, 4 маусым 2021

Ғабит Мүсірепов атындағы кітапханада танымдық, жетілдіру орталығы ашылды. Жазғы демалыс уақытында 4-ші сыныпқа дейінгі балалар кітапханаға күнделікті келіп, түске дейін орталықтың жұмысына қатыса алады. Олар бұл жерде кітап оқып, түрлі ойындар ойнамақ.

Бастауыш сынып оқушыларының жазғы демалыстарын  тиімді әрі пайдалы  өткізу үшін  Ғабит Мүсірепов атындағы балалар кітапханасы «Адамгершілікті өзіңде сақта» атты жазғы танымдық орталық ашты. Мұнда балдырғандар  жол жүру ережелерін үйреніп, түрлі жанрдағы кітаптарды оқып, ойындар ойнайды. Кітапхана ұжымы балалар үшін қойылымдар дайындаған. Жалпы, мұндай орталық кітапханада жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

ЗӘМЗӘГҮЛ СПАРТАКҚЫЗЫ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КІТАПХАНАНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ:

- Бүгінгі іс шарамызда жазғы танымдық орталық ашылып жатыр. Бүгінгі салтынатты шарада векториналар, ойындар өткізіледі. Жас айырмашылығы мұнда 4-ші сыныпқа дейін қабылдаймыз. Өтінім арқылы. Іс шараның соңында балаларға сыйлықтар беріледі.

Танымдық орталықтың ашылуына келген балақайлардың қарасы қалың. Жазғы демалыс уақытында білімін толтықтырып, құрбыларымен қызықты өткізгісі келетіндердің  бірі – Даниил Целых. Жасы 10-да. Кітапқұмар бала кітапхананың тұрақты оқырмандарының бірі.

 ДАНИИЛ ЦЕЛЫХ, ОҚУШЫ:

Оқу үлгерімім жақсы, Ғабит Мүсірепов атындағы 43 мектепте оқимын. Кітапханадағы орталыққа күнде келетін боламын. Себебі маған кітап оқыған ұнайды. Сонымен қатар, мен жол жүру ережелерін де үйренгім келеді. Бос уақытымды да пайдалы өткізетін боламын.

Танымдық, жетілдіру орталығы 4-ші сыныпқа дейінгі балаларды қабылдайды. Өтінімдер мен бала тізімін мектеп әкімшілігі тапсырады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
20:43, 9 маусым 2021
СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...