ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ҮШІНШІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

20:40, 17 мамыр 2021

Петропавлда үшінші ресурстық орталық ашылды.  Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ортаға бейімдеу, оларға қолдау көрсету мақсатында есігін айқара ашқан кабинет қалалық №27 мектептің негізінде құрылды. Ойын түрінде өтетін сабақтарға қазір 6 мен 15 жас аралығындағы 14 бала қатысып жүр.  

Қалалық №27 –ші мектеп ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты  қыркүйек айынан бастаған.  Алайда кабинет бірер күн бұрын ресми ашылды. «Дара» қайырымдылық қоры мен  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры орталықты жабдықтап, ашылуына қолдау көрсетті. 

ГҮЛБАРАМ  ЫБРАЕВА, №27 ҚАЛАЛЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Орталыққа қазір 14 бала келіп жүр.  Олармен  логопед-дефектолог, психолог мамандар жұмыс істейді.  Оған қоса  әдіскеріміз бар. Балалар басқа балалармен қарым-қатынасқа түсу арқылы ортаға тез бейімделеді.  Бұған көз жеткізіп үлгердік.

Ресурстық орталықтың ашылуын педагогтар ғана емес, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары да асыға күтті.  Солардың бірі  Ольга Михайльо.  Бұған дейін ол баласымен жеке меншік кабинетке барып келген. Аптасына 3 рет өтетін сабақтар отбасының қалтасынан қағатын. Енді тәжірибелі мамандардың көмегін тегін алу мүмкіндігі бар.    

 ОЛЬГА МИХАЙЛЬО:

- Баламды осы кабинетке қыркүйек айынан бері әкеліп жүрмін.  Оған өте ұнайды.  Әр балаға жеке қарайды. Сабақтар ойын түрінде, қызықты өтеді.  Баламның  есте сақтау қабылеті,  дикциясы жақсарды.

Бұған дейін осындай инклюзивті білім беру кабинеттері  №2 және №40 мектептерде ашылған еді. 

Айман Кузембаева

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
20:43, 9 маусым 2021
СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...