ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

20:41, 1 қыркүйек 2021

Петропавлда 900 балаға жаңа мектеп есігін айқара ашты. Білім ошағының құрылысы 2019 жылдың шілдесінен басталып, биылғы жаңа оқу жылының алдында оқушылар мен ұстаздардың қолданысына берілді.  Өңір басшысы Құмар Ақсақалов ардагерлер кеңесінің мүшелері және белсенді жастармен меткептің ішін аралап, оқушыларға жасалған жағдайды көрді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана қаланың бұл бөлігінде ескі үйлер тұратын. Олардың біразы ысырылып, жаңадан шағын аудан бой көтере бастады. Көпқабатты үйлермен қатар 900 балаға шақталған жаңа мектеп те салынып, жаңа оқу жылында есігін айқара ашты.  Мектепке Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп лицейінің атауы берілді. Соңғы үлгіде жабдықталған білім ошағында сабақтар ұлттық құндылықтар мен заманауи техниканы ұштастыра отырып өткізіледі.

НУРИКАМАЛ МОЖГАНОВА, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Өңір басшысы  робототехника, этнопедагогика  кабинеттерін аралап,  мектептің кітапханасы мен асханасын көрді. Облыста жаңа мектептерге деген сұраныс жоғары. Биыл өңір мектептерінде 75 мыңнан астам бала оқиды. Олардың 8053 мектеп табалдырығын алғаш аттады. Соңғы жылдары Петропавлда 3 жаңа мектеп салынды. Алдағы жылдары олардың қатарына тағы бірнеше мектеп қосылмақ. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жаңа шағын ауданында қазір 700 пәтері бар бірнеше көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп келеді.  Олардан басқа мұнда ескі үйлердің орнында 7-8 жаңа үйдің жобасы сұрылған.  Бірнеше жылдан соң шағын ауданда жаңа 3000 орындық спорт сарайы бой көтереді. 

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл шағын ауданында балабақшаның құрылысын жоспарлап қойдық. Жаңа 1200 орындық жатақхана болады. Жаңа нысандарды жылу мен электр қуатымен қамту үшін жағдай жасалған.      

Алдағы уақытта бұл жаңа шағын аудан қаланың көрікті жерлерінің біріне айналмақ.   Өңір басшысының айтуынша мұнда тұрғындарға жайлы өмір сүріп, білім алып,  сапалы дем алуға жағдай жасалады. 

Тақырып бойынша материалдар

«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
20:48, 27 қазан 2021
«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
Толығырақ...
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
13:07, 25 қазан 2021
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...