ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

«САНАЛЫ ҰРПАҚ» СТУДЕНТТІК КЛУБТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ

20:48, 27 қазан 2021

Жастарды адал еңбек етуге ынталандыру және парақорлықпен күресу принциптерін үйрету. «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слетінде дәл осындай үндеуді оқу орындарының басшыларына облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жасады. Жиын онлайн форматта өтіп, университет пен колледждердің 300-ге жуық студенттерін біріктірді.

«Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слетінде әрбір жобалық кеңсе биылғы клуб жұмысымен таныстырып, осы оқу жылына арналған жоспарларымен бөлісті. Олар бейнероликтер жасау, викториналар мен семинарлар өткізу, «Таза сессия», «жатақханалар мониторингі» және «сенім телефоны» сияқты акциялар өткізу туралы айтып берді.

ДИНАРА МУСОПИРОВА, СТУДЕНТ:

- Бүгін СҚО бойынша "Саналы ұрпақ" ерікті жобалық кеңселерінің слеті өтті. Бұл слетте  атқарылған жұмыстың нәтижелері ұсынылады. Іс-шара барысында студенттер тәжірибе жинап, өздері үшін жаңа нәрселерді үйренеді.

Шақырылған спикерлер ЖОО-да студенттерді рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге, саяси-құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру қажеттігін айтты.  

НҰРЛАН ЖАХИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

«Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев слетті ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғысын білдіріп, студенттер жария еткен мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, әрбір оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бағдарлама әзірлеп, бекітуді, сондай-ақ «Саналы ұрпақ» клубтарының мүшелерін көбейту үшін үгіт-насихат іс-шараларын күшейтуді ұсынды .

 

Тақырып бойынша материалдар

«TEN QOGAM» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
20:50, 2 желтоқсан 2021
«TEN QOGAM» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР «ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН»  ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
20:44, 29 қараша 2021
ОҚУШЫЛАР «ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН» ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...