ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

СҚУ-ДА ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОТЫРЫС ӨТТІ

20:45, 13 тамыз 2021

СҚУ-да ҚР Парламент Мәжілісі депутатының қатысуымен өңірдегі  білім мен ғылымды дамыту мәселелері бойынша жиын өтті. Кездесуде мектептерде орындардың жетіспеушілігі және жаңа білім нысандарын салу жөнінде айтылды.  Арна тілшісі тарқатсын.

Бүгінгі күні облыста 472 мектеп бар.  Соңғы үш жылда оқушылар саны 5033-ке артқан. Өз кезегінде бұл білім ордаларындағы орын тапшылығына әкеліп соқты. Жалпы өңірді кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 16 мектеп салу жоспарланған.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі таңда біздің өңірдің басты міндеттерінің бірі-үш ауысымды мектептерді жою. Облыста осындай 3 мектеп бар. Мектептердегі орын жетіспеушілігі проблемасын жаңа білім беру нысандарын салу арқылы шешуге болады. 2025 жылға дейін 16 мектеп құрылысы жоспарланған.  "Нұр отан" партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында мектептерді жаңғырту және пән кабинеттерін сатып алу мәселелері бойынша 5 жыл ішінде 416 мектепті жаңғырту көзделген. Оның ішінде кешенді ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектеп кітапханаларын, асханаларды жаңғырту, мектеп жиһаздарын жаңарту жоспарланған. Биылғы жылы 84 мектепті жаңғырту үшін 4 млрд астам теңге бөлінді.

Облыстық білім басқармасының басшысы  "Жас маман" жобасының бүгінгі күні даму қарқыны жайлы да айтты. Бағдарлама аясында өңірдегі колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылмақ. Бұл заманға сай білікті маман әзірлеу мақсатында қолға алынған іс.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жас маман" жобасына өңірден 9 колледж кірді. Биыл республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге сомасына 50 ауылдық колледж инновациялық жабдықпен қамтамасыз етіледі. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен биыл 179 млн теңге бөлінді. Осы бағдарламаның аясында облыс колледждерінің материалдық-техникалық базасын 36 пайызға нығайтуға мүмкіндік туды.

Жиындағы келесі мәселе - "Серпін" бағдарламасымен білім алып жатқан студенттердің жұмысқа  орналасуы. Қазақстанда аталған бағдарлама 2014 жылдан бастап іске асырылып жатыр.

ЕРЛАН ШҰЛАНОВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОРЫ:

Университет серпін бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі. Өңірлер ішінде негізгі үлесті Түркістан облысы мен Қызылорда облысы алады. Студенттердің көбі агротехникалық факультетте білім алып жатыр. Бүгінде серпін бағдарламасы бойынша оқып жатқан 825 студент бар. Оның басым бөлігі  - 3 курста оқитын студенттер. Осы оқу жылында серпін бағдарламасы бойынша университет жылдағыдан көп түлек қабылдамақ. Оларды жұмысқа орналастыру деңгейі біртіндеп өсіп келеді. Университет білім басқармасымен, облыс әкімдігімен бірлесіп, түлектерді кешенді жоспар аясында ашылатын жаңа, үлкен кәсіпорындарға орналастыру үшін бірқатар жұмыс атқарды.

Сонымен қатар, ректор облыста Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша ЖОО-ның құрылатынын да айтты. Қазіргі таңда әлемдегі озық жоғары оқу орындарының бірі – Аризона университетімен келіссөздер жүргізіліп жатыр, олар өз кезегінде академиялық серіктес болуға қарсы емес.

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...