ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ

20:43, 9 маусым 2021

Биыл М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті студенттерінің 30 пайызы дәстүрлі түрде, қалған 70 %-і қашықтан білім алды. Биыл 1840 студент жоғары оқу орнын тәмамдайды. Бұл туралы университет ректоры Ерлан Шұланов Қазақстандағы жоғары білім берудің сапасы тақырыбында өткен өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

Биыл түлектер университетті бітіргені туралы жаңа үлгідегі диплом алмақ. Оның дизайны әзірленіп, бекетілді. Ол халықаралық стандартқа сай істелініп, Qozybaev University логотипі басылған.  Сондай-ақ, өңірдің жалғыз жоғары оқу орны облыс әкімдігінің қолдауымен бітіруші студенттерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етпек. Осы мақсатта облыс кәсіпорындарының басшыларымен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша 237 студент аяқтайды. Олардың әрқайсысы аймақтың кәсіпорындарынан ұсыныс алады. Жалпы бүгінде университеттің білім сапасы жақсы деңгейде. Студенттер көптеген ғылыми жобалаларға, республикалық олимпиадаларға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп келеді. Жақында университеттің екі қызметкері еліміз бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын жеңіп алды. 

ЕРЛАН ШҰЛАНОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ РЕКТОРЫ:

Университет беделінің негізгі көрсеткіштерінің бірі бұл - шетелдің студенттердің бізде білім алып жатқаны. Бүгінгі таңда бакалавриатта 10 мемлекеттен 365 студент оқып жатыр. Үндістаннан 258 адам, Ресей Федерациясынан - 37, Монғолиядан 34, Қытайдан - 18 азамат келді.  6 адам магистратурада оқып жатыр. Сондай-ақ, біздің ЖОО Әзірбайжан, Германия, Грузия, Бангладеш, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары білім алуда. 

Нұрбол Балғабеков

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...