ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ОНЛАЙН СОҒЫЛДЫ

17:24, 25 мамыр 2020

Соңғы 4-ші тоқсанды қашықтан оқып, емтихандарды онлайн түрде тапсырған облыстағы 485 мектептің 72мыңнан астам оқушысы үшін бүгін соңғы қоңырау соғылды. Жалпы биыл облыс бойынша мектеп бітірушілердің саны 3мыңнан асады.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Соңғы қоңырау кез-келген ата-анамен баланың өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Себебі бұл күні оқушылар өздерін 11 жыл бойы бір партада отырған достарымен сонымен қатар білім нәрімен сусындатқан  ұстаздармен қоштасады. Ал, биыл облысымыздың 72 мың оқушысы үшін бұл жиын салтанатты түрде онлайн форматта өткізілмек. Солардың қатарында НЗМ-нің 108 түлегі де бар.

Биыл ел тарихында алғаш рет мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау онлайн түрде өтті. Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі солардың қатарында. Білім ордасының 12-ші сынып оқушысы Ақжан Жолдыбаев болашағын инженерия саласымен байланыстырмақ. Мектеп қабырғасында ақ түрлі ғылыми жобаларды қорғап үлкен жетістіктерге жеткен бозбала құжаттарын шетелдік университетке жолдаған.

АҚЖАН ЖОЛДЫБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ:

- Бүгін мен үшін және жалпы түлектер үшін маңызды күн.Себебі, бүгін соңғы қоңырау соғылды. Біз алтын ұя мектебімізден ұшып, үлкен өмірге қадам бастық. Бүгінгі және пандемияға байланысты өкінішке орай бүгінгі күн көгілдір экранның алдында өтті. Және біз бұған мойымаймыз. Себебі әлі өмірде талай қиыншылқтар кездеседі. Және біз оны төзіп шығу керекпіз.

Онлайн форматта өткен салатанатты шараға компьютер, ұялы телефон арқылы – мұғалімдер, түлектер, ата-аналар - 300ден астам адам қосылды. Жаңа өмірге қадам басқалы тұрған жастарды әлем таныған әнші Димаш Құдайберген құттықтады.

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

-Құрметті НЗМ ұстаздары және де жарқын өмірге, болашаққа қадам басқалы жатқан барша мектеп бітіруші түлектер сіздерге ең алдымен зор бақыт, ашық аспан тілеймін.

Қазіргі таңда білім ордасында 650ден астам оқушы білім алып жатыр. Мектеп директоры Нұрғали Рахымұлының айтуынша 108 түлектің көбі шетелдік жоғары оқу орындарына құжат жолдаған. Пандемияға байланысты білімдерің Қазақстанда жалғастыруды жөн көргендер де баршылық. Түлектерге  мектеп бітіру куәлігі маусымның 13-нен кейін табысталады деп жоспарланған. 

НҰРҒАЛИ ЕЛШІБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Дәл қазір біз Кембридж университетінен нәтижедер күтіп отырмыз. Соның арқасында оқушыларымыз сертификаттарын алады.  Аптадай уақыт қажет. Кейін ЕНТ тапсырады. 0,55 2 жыл болды біз қатысу күндері балалар мектепке келмейді деген жобаға дайындалғанбыз. Сол кездері олар қашықтан оқытыды. Сондықтан бұл біз үшін аса қиын болған жоқ. Оқушылар да ұстаздар да бұл жағынан дайын болды.

Ұстаздар мен ата-аналардың ақ батасы, қоштасу вальсі, соңғы қоңыраудың сыңғыры. Барлығы - онлайн форматта өтті. Бұл соңғы қоңыраудың мәңгі есте ақалары сөзсіз.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

СӘБИТ МҰҚАНОВ  ЖАЙЛЫ ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ
20:44, 23 қыркүйек 2020
СӘБИТ МҰҚАНОВ ЖАЙЛЫ ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...