ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

СТАРТАП-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

17:17, 1 наурыз 2021

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің қабырғасында облыстық стартап-жобалар байқауының финалы өтті. Сайысқа өңірдің білімді әрі тапқыр 50-ге жуық бойжеткен-бозбаласы қатысты. Финалға жеткен 19 жоба бас жүлде үшін өзара таласқа түсті.

Өткен жылы бұл байқауда 50-ден астам жоба сыналса биыл сайысқа қатысу үшін 41 өтінім түскен. Соның 19ы ғана сүрінбей финалға жетті. Қатысушылар айти робототехника, өндіріс, білім және медицина бағыттары бойынша өз жобаларын ұсынды. Белое орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Әнел Әбдір 3д қосымшасын құрастырған. Бұның көмегімен мектеп оқушылары кез-келген сабаққа қатысты өз сұрақтарына жауапты еш қиындықсыз таба алады.

ӘНЕЛ ӘБДІР, СТАРТАП-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ:

- Біздің жоба республикалық байқауда 3-ші орынға ие болды.Ойымды іске асыруда ұстаздарым үлкен қолдау көрсетті. Сонымен қатар, қосымшаның дыбыс жазу құралы бар. Яғни осының көмегімен ақпаратты жазып іздеудің қажеті жоқ.

Ал, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ерхат Файзулла болса өзінің командасымен айти және скофскилл біріктірілген жаңа жобасын қазылар назарына ұсынды. Жігіттің басты мақсаты жерлестеріміздің цифрлық сауаттылығын арттыру.

ЕРХАТ ФАЙЗУЛЛИН, СТАРТАП-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ:

- Болашақта софтскиллс немесе айти қабілеттер көмектесетін болады. Себебі, біздің  аудитория тек қана жастар емес сонымен қатар зейнетке шыққан немесе әлі де оқысы келетін азаматтарға көзделген болатын. Басты мәселеміз шешкіміз келген қазіргі пандемия кезінде жерлестеріміздің әлеуметтік желіге бейімделмегені.

Жалпы жобанының басты мақсаты байқауға қатысатын әр жасқа ойында жүрген тың жобаларын ұсынып қана қоймай, келешекте оларды іске асыруға мүмкіндік беру. Бұл жолы топ жарғандарға 50, 30 және 20 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КӨШТІ
17:17, 1 сәуір 2021
СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...