ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

СТУДЕНТТЕР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КІРІСТІ

20:37, 26 қаңтар 2021

Манаш Қозыбев атындағы СҚУ студенттері аралас форматта оқуға кірісті Жоғары оқу орнының 7500-ден астам студентінің жартысы жаңа жылдан бастап дәстүрлі түрде білім алып жатыр. Басқа өңірлер мен ауылдардан келген ұл-қыздар да жатақханаларға орналастырылып жатыр. Білім ордасында сақтық шаралары тиісті деңгейде сақталған ба? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектесов баяндасын.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Қозыбаев университеті қаңтардың 25-нен бастап студенттерді аралас форматта оқытуға көшті. Бүгінде білім ордасының қабырғасында 3800-ден астам ұл-қыз білім алуда. Университеттің академиялық сауалдар жөніндегі басқарма мүшесінің м.а. Жанар Таласпаевның айтуынша студенттер сабаққа қатысуға міндетті. Тек індет жұқтырғаны жайлы анықтамасы бар немесе індеттен кейін толық жазылмағандары ғана сабақтан босатылады.

Университет аудиториясында отырып дәріс алуды сағынғандардың бірі Махаббат Дәурен. Бірінші курс студенті оқу басталар-басталмастан індетке байланысты ауылына қайтып, білімді қашықтан алды.  Енді міне тобындағы қатарластарымен жаңа көрісіп, танысып жатыр.

МАХАББАТ ДӘУРЕН, KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТІ:

Бүгін міне біздің университеттегі бірінші күніміз, жақсы өтуде. Бір-бірімізді бірінші рет көріп жатырмыз. Ерекше сезімдеміз. Бізде қазір аралас болып жатыр. Әрине университетке келіп оқыған жақсы. Бір-бірімізді, мұғалімдерді көріп дегендей...

Студенттерді аралас форматта оқыту мәселесі былтыр желтоқсан айында талқыланды. ведомстволық комиссияның шешімімен, Білім және ғылым министрлігі дайындаған арнайы әдістемілік-нұсқаулығының негізінде нақты шешім қабылданды. Тиісінше Қозыбаев университеті аудиторияларда 40% сыйымдылықпен студенттерді оқытуға көшті.

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY АКАДЕМИЯЛЫҚ САУАЛДАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА МҮШЕСІНІҢ М.А.:

Бірінші курс студенттері толықтай аралас форматқа көшті, 2-3 курс бойынша 30-дан аса топ аралас форматта білім алып жатыр. Докторантура студенттері дәстүрлі форматта білім алып Төртінші курс студенттерінің өндірістік тәжірибелері аралас форматта өтеді. Оқу үдерісін ұйымдастыру барысында барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра дәрісханаларымызға студенттерді жібердік.

Оқу кестесінде де аздаған өзгеріс бар. Мысалы сабақтар арасындағы үзілістердің барлығы 20 мин дейін созылған. Тағы бір айта кететін жайт басқа өңірлерден және ауылдардан келген студенттер жатақханаға орналастырылып жатыр. Бүгінде оқу ордасының жатақханаларына 500-ге жуық ұл-қыз жайғастырылыпты. Университет өкілдерінің сөзінше барлық санитарлық талаптар сақталған. Мәселен бір бөлмеге баяғыдай 4 немесе 3 адманан емес, екі-ақ адамнан алынуда. Ал емтихан жоспар бойынша дәстүрлі форматта өтпекші.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КӨШТІ
17:17, 1 сәуір 2021
СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...