ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

СТУДЕНТТЕРГЕ МОЛ МҮМКІНДІК

13:01, 4 мамыр 2021

6 бордақылау алаңы, 2 құс фабрикасы және 52 сүт-тауар кешені. Осы өндіріс орындарын жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 5 жылда іске қосуы тиіс.  Бұл дегеніміз өңірде ауыл шаруашылығында білікті мамандар да қажет болады. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті аталмыш  саланың мамандарын дайындайды. Тақырыпты Индира Ахатқызы жалғастырсын.

Данияр Жүсіпов агротехнология факультетіне 2014 жылы түсті. Оқу барысында «Қызылжар сүт» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігіне тәжірибеге келген. Мұнда студенттер өндірістік тәжірибеге келіп, өзін жақсы маман ретінде көрсете алса, диплом алғаннан кейін, жұмысқа тұру мүмкіндігі бар. Осылайша тәжірибеден өтіп, жұмысқа тұрғандардың бірі - Данияр Жүсіпов. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінеді. Сол себепті жас маман өзін осы салада сынамақ болған екен.

ДАНИЯР ЖҮСІПОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СҮТ» ЖШС ТАМАҚТАНДЫРУ ТЕХНОЛОГЫ:

- 4 курста оқып жүргенде осында тәжірибеден өтуге келдім, басшылықпен таныстым, өзімді көрсеттім, кейін маған фермада жұмыс істеуге ұсыныс жасады, әрине қабылдадым. Мұнда барлық жағдай жасалған. Міндетіме ірі қара малдың жем-шөбін қалыпты ұстап,  азықтандыру кіреді.

Дуалды оқыту жүйесі арқылы студенттер облыстың заманауи өндіріс орындарында еңбек тәжірибесінен өтуге мүмкіндік алды. Университет аймақтағы кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынас орнатқан, сондықтан студенттер өздеріне болашақ жұмысында пайдалы болатын ақпар алып, тәжірибе жинай алады. Айта кетейік, тәжірибе барысында студенттерге төлемақы төленеді.

МАХАББАТ САПАРҒАЛИЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТІ:

- «Мен 4 курста оқимын. «Мамбетов және К» командиттік серіктестігінде тәжірибеден өтіп жүрмін. Мен, негізінен, сүт фермасында жем-шөп өндірісін бақылаймын,  ірі қара рационын, жас малдарды және басқа жануарларды қалай күті керектігін үйренемін.»

Заманауи зертханалар мен  жаңа жабдықтар. Мұнда студенттерді өз ісінің мамандары дайындайды. Көпшілігі бұған дейін ауылшаруашылық саласында жұмыс істеген, тәжірибелері бар.  Оқу орнының мүмкіндіктері де мол. Айта кетейік, биыл жаңа заманауи оқу ғимаратын пайдалануға беру жоспарланған, жаңадан салынған 5 зертхана осы факультеттің студенттеріне арналады.

ДМИТРИЙ ИЛЬ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ «АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл білім беру бағдарламасы бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша үлкен сұранысқа ие. Біз екі деңгейде оқуды қамтамасыз етеміз: бакалавриат және магистратура. Оқуға түсу үшін химия, биология пәндерін таңдап, шекті 60 баллды жинау керек.Болашақ мамандарға берілетін гранттар саны өте көп.

Сүт  кешендері, құс фабрикалары, мал бордақылау алаңдары - бұл түлектер жұмыс істей алатын кәсіпорындар. Сондай-ақ, министрлікке немесе ауыл шаруашылығы басқармасына жұмысқа тұруға мүмкіндік бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ҮШІНШІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
20:40, 17 мамыр 2021
ПЕТРОПАВЛДА ҮШІНШІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
900 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
13:01, 14 мамыр 2021
900 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...