ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

«TEN QOGAM» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

20:50, 2 желтоқсан 2021

М.Қозыбаев университетінде мүгедек жандарға арналған  «Тең қоғам» мобильді қосымша демо нұсқасының тұсау кесері өтті.  Қосымшада осы топқа жататын азаматтарға қажетті ақпараттың бәрі енгізілген. Мүгедектердің құқығы, ұсынылып жатқан жеңілдіктер,  білім беру және жұмыспен қамту мәселелері де бар.

«Тең қоғам» мобильді қосымшасы арқылы тіпті азық-түлікке, дәрі-дәрмекке  тапсырыс беру мен  жеткізу сияқты қызметті де алуға болады.  Ал кері байланыс фукнциясы арқылы, қосымша пайналанушылары мамандарға сұрақтарын қойып, үйден шықпай ақ жауап алады. «Ардос-жүрек» мүгедектер бірлестігінің директоры  Ақжан Кәрімнің айтуынша, мұндай қажеттілік бұрыннан туған. Өйткені бұған дейін өзекті ақпаратты ала алатын платформа болған жоқ.  Өңірде  26  мыңнан астам мүгедек азамат тұрады. Ал қосымшаны плей маркет пен  апстор арқылы жүктеуге болады.  Жоба Орталықазияның Еуразия  қорының  қолдауымен жүзеге асырылды.  Болашақта  қосымшаны одан әрі жетілдіру ойда бар. 

АҚЖАН КӘРІМ, «АРДОС-ЖҮРЕК» ЗТБ МҮГЕДЕКТЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ :

- Қосымша арқылы жұмыспен қамту бағдарламасына қалай қатысу, бизнесті қалай тіркеуге болатынын, электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн алудың амалдары қандай екендігін білуге болады.  Біздің басты мақсатымыз мүгедектігі бар әр адам қосымшада өзіне қажетті ақпаратты оңай табудың жағдайын жасау. Мүгедектердің өмір сүру жағдайын жақсарту.   Орысша нұсқасы дайын, қазір қазақ тілді және көру қабілеті нашар тұрғындарға арналған нұсқаны жасап жатырмыз. Өкінішке орай, сайттардың басым бөлігі бұл азаматтарға бейімделмеген. 

 

Тақырып бойынша материалдар

САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛЫП ЖАТЫР
17:26, 18 қаңтар 2022
САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...