ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ТҮЛЕКТЕРГЕ ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК

17:20, 8 маусым 2021

Былтыр облыс бойынша жоғары оқу орнын және колледждерді мыңдаған түлек бітірді. Биыл да осы межеден көрінбесе, кем болмасы анық. Түлектердің ендігі мәселесі – жұмысқа орналасу. Бұл ретте кедергілер баршылық. Алайда, жұмысқа сәтті орналасудың мүмкіндігі де жоқ емес.

Кедергі - жұмыс өтілі мен тәжиребенің жоқтығы. Оқуды енді бітірген түлектерде ол екеуінің болмайтынын білсе де, жұмыс берушілер талап етуден танбайды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Жастар тәжірибесі» - осы түйіткілді мәселенің түйінін шешуге таптырмас мүмкіндік.

ГҮЛМИРА ИСМАИЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

«Біз жоғары оқу орнын, колледждерді бітірген түлектерді бастапқы тәжірибесін алсын деп Петропавлдың түрлі ұйымдарына жұмысқа тұрғызамыз. Жастар тәжірибесінің мерзімі 6 ай. Бұл бағдарламаға мамандығы бойынша жұмыс істемеген, жасы 29-дан аспаған және көп болса, 3 жыл бұрынғы түлектер қатыса алады.»

Түлектер арасында мамандығы бойынша жұмыс іздейтіндердің қарасы қалың. Колледждер мен жоғарғы оқу орнын бітірушілер әне-міне дипломдарын алып, мамандық иесі атанады. Оларға арнап Петропавл қаласының еңбекпен қамту орталығы жұмыс орындар тізімін дайындап қойған екен.

 ГҮЛМИРА ИСМАИЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

«Бұл бағдарлама бойынша жастардың еңбекақысы 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.Яғни, 72 925 теңге. Төлемақы республикалық бюджеттен қарастырылған. Қазір маусым айының соңы мен шілденің басында түлектер диплом алады. Біз оларға арнайы жұмыс орындарының тізімін дайындап қойдық. Заңгер, қаржыгер, есепші, программист, мұғалім, филологтар, медицина мамандықтары бойынша бос жұмыс орындары бар.»

2020 жылы өңірде жастар тәжірибесіне 254 адам жіберілді, ал биыл 40-қа жуық  түлек аталған бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа тұрғысы келетіндер Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығына жеке куәлігі мен дипломын алып келуі қажет.

Индира Ахатқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
20:43, 9 маусым 2021
СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...