ШҰҒЫЛ! КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ Толығырақ

ҰБТ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

13:01, 20 қаңтар 2021

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің  қабырғасында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі басталды. Емтиханның бірінші күнінде қала және аудандардан келген138 түлек маңызды сынақтан өтті. Естеріңізге сала кетейік енді ЖОО – на түсу үшін тестілеу жылына 4 рет өткізілетін болады. Осы межеден сүрінбей, тиісті ұпай жинаған талапкерлер құжаттарын алып, өздері қалаған университетке тапсыра алады.

3-ші жыл қатарынан еліміздің ұл-қыздары 1 жылда ҰБТ-ді 4 рет тапсыра алады. Сонымен қатар, ковид-19 вирусының таралуына байланысты оқушылар міндетті түрде екі метр арақашықтықты сақтау қажет. Үміткерлер сынақ өтетін ғимарат босағасындағы арнайы залалсыздандыратын тоннельден өтіп, дене қызуы тексеріледі. Маңызды сынақ 4 сағатқа созылды. Осы аралықта олар медициналық масканы екі мәрте ауыстыру қажет.Жалпы, биыл облыста 3 мың 405 түлек бар. Тестілеудің 1-ші кезеңіне 2 мың 147 адам қатысуға ниет білдірген. Университет қабырғасында өткен емтиханға соның 138-і қатысуда.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ – РЕКТОРДЫҢ М.А.:

- Қаңтардың 20-ы мен ақпанның 5-і аралығында елімізде ҰБТ-дің алғашқы кезеңі өтуде. Биыл біздің өңірде 3мыңнан аса түлегіміз бар. Бүгін 138 ұл мен қыз маңызды сынақтан өтті. Ковид-19 вирусына байланысты біз барлық санитарлық талаптарды сақтаудамыз. Маңызды емтиханға телефон, шпаргалка мен сымсыз құлаққап кіргізуге қатаң тыйым салынған. 12 аудиторияда өтіп жатқан тестті ҚР Білім және ғылым министрлігі мен арнайы комиссия өкілдері қадағалайды. Ережені бұзғандар аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылады.

Әділжан Дүйсенов маңызды сынақтан өту үшін Рублевка ауылынан келген. Түлектің сөзінше көңіл күйі көтеріңкі әрі емтиханға дайындығы жақсы болған. Сол себепті қобалжу сезімі жоқ. Оқушы болашағын математика саласымен байланыстырмақ.

ӘДІЛЖАН ДҮЙСЕНОВ, РУБЛЕВКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Дайындалдым дұрыстап, ЕНТнің жақсы тапсырамын деп ойлаймын. Қобалжу жоқ. 1,32 Біз мектепке барып, оқыдық. Мұғалімдер көмек көрсетті. Әртүрлі консультациялар болды матемитика мен физикадан.

Ал, Әнел болса Тоқшын мектеп-гимназиясының оқушысы. Маңызды тестілеуге дайындықты ол 9-шы сыныптаған бастаған. Әсіресе, химия-биология пәндеріне көп уақыт бөлген. Себебі, болашақта осы салаңы меңгерсем бе дейді.

ӘНЕЛ ОРАЛТАЕВА, ТОҚШЫН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Әрине, аздап қобалжудамын. Жалпы бұл тестілуге біраз уақыт дайындалдым. Сол себепті, жақсы нәтиже болады деп күтіп отырмын. Қашықтан оқу болғанына қарамастан біз ұстаздармен әрдайым байланыста болып, өз сұрақтарымызды қоя алдық. Мектепке де барып, түрлі қосымша сабақтарға қатыстық.

Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында биыл далада өз балаларын қолдап келген ата-аналар да жоқ. Оның орнына әр мектептен оқушыларды сынаққа алып келу үшін жауапты адамдар бекітілді.

ОКСАНА НОВОКРЕЩЕНОВА, БЕСКӨЛ ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ:

- Биыл біздің мектепте 24 түлек бар. Барлығы да тестілеуге жақсы дайындалды. Білім беру қашықтан жүргізілсе де мектеп қабырғасында оқушыларға арналған қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Жалпы, біздің түлектер жылда жақсы нәтиже көрсетеді. Сол себепті, осы жылы да біз үздіктердің қатарынан көрінеміз деген ойдамын.

Сонымен қатар, биыл шартты түрде қабылданғандар да бар. Бұл қатарға, өткен жылы тиісті ұпай жинай алмағандар кіреді. Барлығы 55 адам. Бұл қыз-жігіттерге ҰБТ-ді тапсыруға екі рет мүмкіндік беріледі. Егерде наурыз айында да олар белгіленген межеге жетпесе онда олар оқудан шығарылады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

СТАРТАП-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ
17:17, 1 наурыз 2021
СТАРТАП-ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ КӨП
20:47, 17 ақпан 2021
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ КӨП
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
20:40, 25 ақпан 2021
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
Толығырақ...