ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТОҚТАТАДЫ

13:04, 28 шілде 2021

Жаңа оқу жылЫнан бастап М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері жаппай күндізгі бөлімге ауыстырылады. Яғни, қашықтан білім беру технологиялары жабылмақ. Айта кеткен жөн, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттері сыртқы оқу бөлімінен қашықтан оқуға ауысқан еді. Бұл оқу форматы шалғайдағы елді мекендерде тұратын, белгілі бір себептермен сабаққа оффлайн режимде қатыса алмайтын студенттер үшін өте ыңғайлы болды. Енді  әзірге қашықан оқып жатқандардың есебінде тұрған 830 студенттің жағдайы не болмақ? Оқудың құны жоғарылайды ма? Әріптесім бейнематериалына назар аударайық.   

М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттерін дүрліктерген мәселе ҚР Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың 25 қаңтардағы бұйрыққа енгізген өзгерістері. Жаңа ережеге сәйкес  педагогикалық ғылымдар, құқық, хореография, аспаптық орындау, авиациялық техника және технологиялар, құрылыс, денсаулық сақтау, әскери іс, ветеринария салаларындағы студенттер академиялық кредиттердің жалпы көлемінің 20% қашықтан, қалған 80 пайызын күндізгі оқу бөлімінде жалғастырулары тиіс.  Бұл сапалы білім беру үшін жасалған. Жоғарыда аталып өтілген кадрларды даярлаудың қалған бағыттары бойынша  пәндердің  тең жартысы қашықтан, 50 пайызы университет қабарғасында оқытылатын болады.

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІНІҢ М. А.:

- Бүгінгі таңда екі сабақ кестесін қабылдауды жөн көріп отырмыз. Студенттерге 5 апталық сабақ кестесін қоюды қарастырып отырмыз. 1 семестрде 5 апта университет ішіне келіп оқу керек. 5 аптаның 2 аптасы мектептегі кникул уақытын қамтиды. 

Бұл жерде атап өтетін жайт, 5 апталық сабақ кестесі тек толық жинақталған топтарға ғана арналады. Егерде, шағынкомплектілі топтар болса, яғни, оқу группасында 12 адамнан кем студент болса, онда күндізгі оқу бөлімінде толықтай оқуыңызға тура келеді. Әрине, бұл өзгерістер оқудың төлемақысына да әсерін тигізбек.

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІНІҢ М. А.:

- Оқудың төлемақысы жоғарылауы мүмкін. бұл туралы жұмыс жүргізіліп жатыр. Неге? Әрине, білімнің сапасын арттыруды көздеп отырған соң қосымша шығындар болады.

Солтүстік өңірдегі жалғыз ЖОО өкілдерінің сөзінше, бұл өзгеріспен келіспеймін деген студенттер құжаттарын алып, өзге университетте оқуын жалғастыра алады. Әзірге, студенттер арасында құжаттарын қайтарып алғандар жоқ.  

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАНДАЙ?
20:47, 16 қыркүйек 2021
ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАНДАЙ?
Толығырақ...
ИНВЕСТОР  БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ҚАРЖЫ ҚҰЙДЫ
17:08, 6 қыркүйек 2021
ИНВЕСТОР БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ҚАРЖЫ ҚҰЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...