ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ 600 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

13:07, 25 қазан 2021

М. Қозыбаев атындағы СҚУ екінші курс студенті жас өскін өсіру жобасын іске асыру үшін 600 мың теңге грант жеңіп алды.  Студент жобаны  "National Conservation Initiative" корпоративтік қоры "Назарбаев Университеті" ДБҰ тұрақты даму кеңсесімен және "Шеврон Мұнайгаз Инк" компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған инновациялық жобалар байқауында таныстырып, жеңімпаз атанды.

Шакиза Есім Қозыбаев универсиеті агротехнология факультетінің екінші курс студенті. Жас ғалым бөлінген грантқа жас өскін өсіру жобасын жүзеге асырып жатыр. Қаражатқа тұқымдарды, субстратты, жас өскінді сақтауға арналған тоңазытқышты, контейнерлер мен шырын сыққыш сатып алды. Өйткені алдағы уақытта жас өскіннен шырын алуды жоспарлап отыр.

ШАКИЗА ЕСІМ, KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТІ:

Жас өскін өсіру оңай шаруа емес. Мұнда ең бастысы – жоғары сапалы субстрат болуы тиіс. Әр кезеңде тұқымға белгілі бір мөлшерде жарық пен жылу беріледі. Нұр-сұлтан қаласында өткен байқауға республиканың әрбір қаласынан ондаған студент қатысқан. Петропал қаласының намысын қорғаған Шакиза Есімнің жобасы үздік деп танылды.

АЙЫМГҮЛ ТАСҚҰЛОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY "АГРОНОМИЯ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ" КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

- Жоба өте жоғары деңгейде бағаланды. Алдағы қойған мақсаттарға жете алдық. Шеврон компаниясының мақсаты да сол етеді, университетті көгалдандыру, студентердің денсаулығын, саламатты өмір салтын ұстануға шағырады. Біздің жоба да осы бағыта болды.

Жас өскін адам ағзасына өте пайдалы. Құрамында минералдар мен аминқышқылдары бар шөптерді тағамға қолдауға болады. Ағзаны дәруменге қанықтырады.  Мәселен, жас өскінді салаттарға, сорпаға қосып, түрлі сусындар жасауға болады. Шакиза бұршақ, кинза және өзге өсімдіктерді өсіруді қолға алған.  Болашақ биотехнолог өз өнімдерін алдымен студенттік асханаларда сатпақшы.   

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

«TEN QOGAM» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
20:50, 2 желтоқсан 2021
«TEN QOGAM» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Толығырақ...
ОҚУШЫЛАР «ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН»  ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
20:44, 29 қараша 2021
ОҚУШЫЛАР «ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН» ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...