ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ҮЗДІК ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

17:17, 3 маусым 2022

Петропавлда облыс әкімінің грантын тағайындау үшін облыс мектептері арасында «Үздік орта білім беру ұйымы» атты байқауы өтті. Екі кезеңнен тұратын байқаудың алғашқысына аудандық және қалалық орта білім беру мекемелерінің 70-і қатысып,  олардың 17-сі облыстық кезеңге өтті.

 Мектеп директорлары білім ордаларында соңғы үш жылда атқарылған жұмыстарының қорытындысын 11 бағыт бойынша қазылар алқасына ұсынады. Өткізіліп жатқан байқаудың мақсаты – педагогтердің кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандырып, Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау болып отыр.

САҒАТ ЕЛЕУКИНА, «ПАРАСАТ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ :

- Қызылжар ауданы бойынша «Ең үздік мекеме» біз ауданда бірінші орын алдық та, бүгінгі күні облыс көлемінде қатысып жатырмыз.  Бұл байқауға екініш рет қатысып тұрмыз. Біздің жетістіктеріміз жақсы болғандықтан, осы жылы да қатысуды жөн көрдік.  Ең бір мақтанатын жағдай 2020 жылы біздің түлегіміз облыс көлемінде ҰБТ-дан ең жоғарғы 134 ұпай алды. Және 2019 жылы бір оқушымыз назарбаев унвиеритетінде грант иегері атанды.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Конкурсқа қатысқанда мектептер арнайы бекітілген бағалау критерийлерімен бағаланады. Жоғары балған жинаған мектеп үздік болып аталады.  Мұнда мұғалімдердің сапалық құрамына, материалдық-техникалық базалық нығайтуына, оқушылардың интеллектуалды сайыстарына қатысу және басқа да критерийлері арқылы бағаланатын болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:37, 14 шілде 2022
АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар