ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ

20:42, 11 маусым 2021

Биыл көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, академик М.Қозыбаевтың туғанына 90 жыл. Ұлттық тарихты қайта жаңғыртқан тұлға, көзі тірі болғанда, әлі де тарихтағы талай сырды ашқан болар еді. Оның ұрпағына қалдырған мұрасы бүгінде құнды дүниеге айналған.

Манаш Қабашұлы Қозыбаев - тарихшы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі. Қостанай облысының тумасы. Жас кезінен тарих ғылымына қызығатын. 1953 жылы Киров атындағы ҚазМУ-ды үздік бітірді. Алдымен Қостанайдағы жоғары оқу орнында, кейін партия тарихы институтында еңбек етті. Мұнда ол кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғайды. Осы жылдар аралығында академиктің «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан Компартиясы» және басқа да ондаған еңбектері жарық көрді.

ЛАУРА ӘМРИНА, KOZYBAYEV UNIVERSITY ТАРИХЫ МҰРАЖАЙЫНЫҢ  МАМАНЫ:

- Академик Манаш Қозыбаевты Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы идеологтарының бірі деп санайды. Бұл әлемдік деңгейдегі ғалым, кеңестік тоталитаризм кезеңінде бұрын-соңды танылмай өзгертілген қазақ халқының тарихын қайта жазды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы алғашқылардың бірі болып сөз сөйледі.

Манаш Қозыбаев өзінің еңбектерінде ұжымдастыру мен ашаршылық жылдары Қазақстанның 1 млн 750 мың тұрғыны қаза тапқанына бірнеше дәлел келтіреді. Осы ретте академик осы қайғылы оқиғаларда зардап шеккендерді оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарғанын айта кеткен жөн. Осының арқасында кінәсіз көз жұмғандардың есімдері мемориалдарға жазылып, «Естелік кітабына» енгізілді.

БОТАГӨЗ ҚОЖАБЕКОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY ТАРИХЫ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Манаш Қозыбаевтың еңбектерінің көбі бұл Ұлы Отан соғысы тақырыбы, репрессия уақытындағы біздің ұлы, қазақ тарихы үшін өз өмірлерін қиған азаматтар туралы жазған. Ол өзінің еңбектерімен шетелдерге жақсы танымал. Оларды Англия, Түркия, Ресей елдерінде аударылып шықты.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші  Манаш Қабашұлы 30 монография, 50-ден астам ұжымдық еңбек жазған. Қазіргі таңда академиктің еңбектері егемен елдің кәсіби мамандарын даярлауда қолданылады. 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
20:43, 9 маусым 2021
СҚУ ТҮЛЕКТЕРІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ АЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
20:54, 9 маусым 2021
«ҚУАНАМЫН» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ БОЛАДЫ
Толығырақ...
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
20:41, 9 маусым 2021
СҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ ЖҰҚТЫРУДЫҢ 11 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...