ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ОЛИМПИАДАНЫҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

13:09, 26 сәуір 2021

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың соңғы кезеңі басталды. Білім додасында 9 бен 11-ші сыныптың 73 оқушысы бақтарын сынауда. Онлайн форматта өтіп жатқан сайыста жеңімпаз атанған ұл-қыздар халықаралық олимпиадаға жолдама алады.

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Сабина Тастемір республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 2-ші орынға жайғасты. Осылайша соңғы кезеңге жолдаманы ұтып алды. Ол олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өз бағын сынайды. Бойжеткен өткен турда «Туған жер» тақырыбына эссе жазған. Болашағын филологиямен байланыстырғысы келетін оқушы бұл байқауға өзінің ұстаздарымен ұзақ уақыт дайындалған.

САБИНА ТАСТЕМІР, ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Бұл олимпиадаға қатысуымның басты себебі өзімді шыңдау және де осындай жетістіктерге жетіп, үлгілі оқушы болу. 0,38 Бірінші облыстық кезең 2 турдан, 1-ші тур эссе, 2-шісі жазба құралдарынан құралды. Облыстық турда мен екінші орын иегері атандым.

16 жалпы білім беретін пәндерден өтіп жатқан республикалық олимпиаданың облыстық деңгейде өткен алғашқы екі кезеңіне 4172, үшінщі кезеңге 528 оқушы қатысқан. Сынақтан сүріңбей өткен 73 бала соңғы байқауда жеңімпаз атанса халықаралық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алмақ.

РОЗА СӘРКЕН, «СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ:

- Олимпиада Ю-стади облыстық тестілеу орталығында өтеді. Біздің облыстан 73 оқушы қатысады. Олимпиада тапсырмалары, оқушылар жұмыстары, дұрыс жауаптары бар және нәтижелері хаттамалар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығын интернет-ресурсында көруге болады.

Сонымен қатар, осы жылы алғаш рет өзін-өзі тану пәні бойынша олимпиада өтіп жатыр. Балалар тапсырмаларды компьютер мен интернетті пайдалана отырып, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында өз бетінше жүктеп ала-алады.Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталады.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ҮШІНШІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
20:40, 17 мамыр 2021
ПЕТРОПАВЛДА ҮШІНШІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
900 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
13:01, 14 мамыр 2021
900 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...