ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА КІТАПТАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

17:22, 8 маусым 2022

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы баспадан жақында шығып, сиясы кеппеген жаңа 500-ге жуық кітаппен толықты. Кітаптар әртүрлі жанрды қамтиды. Атап айтқанда ішінде көркем әдебиет, тіл үйрену,  тарих, бизнес, медицина  тіпті өз өзіңді дамыту саласындағы батыс әдебиеттері де бар. Оқырмандармен тілдесіп қайтқан тілшіміз толықтырсын.

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітаптар таныстырылымы дәстүрлі түрде әр жарты жыл сайын өткізіліп тұрады. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарының пікірлерін біліп, оларды қандай жанрдағы әдебиет қызықтыратын назарға алады. Соған сәйкес кітапхана сөресін толықтыратын кітаптар да іріктеледі екен. Осы жолы келіп түскен кітаптардың ішінде психологиялық және мотивациялық жанрдағы батыс әдебиеті көп.

ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Әдеттегідей барлық жанрлар және барлық білім салалары бойынша кітаптар келіп түсті. Соның ішінде бүгінгі күні оқырмандарымыздың арасында өзің өзі дамыту , тану жанрындағы кітаптар үлкен сұранысқа ие. Сонымен қатар биыл балалар жылы. Балаларға арналған көптеген кітаптар былтыр да биыл да кітапханамызда ұсынылып жатыр.

 Көрмеге келген оқырмандар қатары қалың. Арасында мектеп оқушылары да, зейнеткерлер де бар. Мәселең Ольга Саможенованың жасы 68-де. Ол кітапханың тұрақты оқырмандарының бірі.

 ОЛЬГА САМОЖЕНОВА , ОҚЫРМАН:

- Кітап оқыған пайдалы ғой. Көбінесе шытырман оқиғаға толы детективті жанрдағы шығармаларды оқығанды жақсы көрем. Не себепті дәл осы кітапхананы таңдадым? Өйткені бұл кітапханада таңдау бар. Оған қоса оқырмандарға жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.   Айына кем дегенде 6 кітап оқуға тырысамын. Кітап оқу арқылы бос уақытты ұтымды пайдаланамын.  

Жыл басынан бері кітапханаға 30 мыңнан астам оқырман келген. Ал алдағы уақытта кітапхана ұжымы балаларға арналған акциялар өткізуді жоспарлап отыр.  

Тақырып бойынша материалдар

АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:37, 14 шілде 2022
АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар