ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:47, 23 тамыз 2021

Жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушылары үшін «Цифрлық сауаттылық» және «Әліппе» атты жаңа пәндер енгізіледі. 6 сыныптан бастап мұғалімдер мен материалдық база болған жағдайда «Домбыра» курсы жүргізілмек.

Биыл 1 қыркүйекте облыста  75 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды. 472 мектеп жұмыс істейді. Оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,5 мыңға артып отыр. Бірінші сыныпқа баратындар саны 8 мың оқушы. Оның 4 мыңы облыс орталығы мектептерінде оқиды. Облыста 361 шағын  мектеп бар. Бүгінгі күні өңірімізде 6 бастауыш мектеп оқушы санының аз болуына байыланысты жабылған.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бірінші сынып оқушылары үшін «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары салтанатты түрде тапсырылады. 2-11 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары өткізіледі. Биыл 5-11 сынып оқушылары үшін «Парасаттылық», «Экология», «Сыни ойлау және эмоциялық интеллект», «Медиасауаттылық»; «Зайырлылық және дінтану негіздері»; «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқушылардың таңдауы  бойынша жаңа курстар енгізіледі.

Оқушыларды тасмалдау мақсатында биыл  18 автокөлік сатып алынады деп жоспарланған. Егер оқушы немесе мұғалім  ауыру жұқтырса, сынып қашықтан оқыту форматына көшеді. Мұндай оқушыларға компьютер беріледі. Бірінші кезекте компьютерлер табыс деңгейі төмен отбасылардан шыққан балаларға үлестіріледі. Бүгінгі таңда облыстың білім мекемелерінде 25 мыңнан астам компьютер бар.  

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қашықтан оқыту форматында жұмыс үшін Интернет керек екені белгілі.Бүгінгі таңда, облыстың барлық мектептерінде Интернет 100% бар, оның ішінде 62 мектеп интернетке спутниктік байланыс арқылы қосылған. Кең жолақты Интернетке  455 мектеп қосылды.  Қашықтықтан оқытуға көшетін болған жағдайында оқу процесі синхронды және асинхронды форматта Дарын он-лайн, Edupage, Microsoft Teams, Bilimland білім беру платформаларында жүзеге асырылады. Барлық білім беру нысандарына «Ashyq» жобасы енгізілд.

Жаңа 2021-2022 оқу жылдары сабақтар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталады. Сабақтың ұзақтығы - 45 минут болады. Биылғы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады. Сонымен қатар, классикалық стильдегі киім киюге рұқсат етіледі.

ДИНАРА РАҚЫШЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Петропавл қаласында  бірінші сыныпқа 3100 бала барады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% - ға артық. Оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарға 507 оқушы, орыс тілінде оқытатын сыныптарға 2593 бала қабылданды. Директорларға барлық санитариялық, эпидемиологиялық талаптарды сақтау міндеті қойылды. Орта білім беру ұйымдары 54,1 млн.теңге сомаға дезинфекциялау, санитарлық қауіпсіздік құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда  білім беру нысандарында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 2021-2022 оқу жылында 52 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізуге 4 084,3 млн.теңге бөлінгенӨзекті мәселелердің бірі-әсіресе облыс орталығында мектептерде орын тапшылығы. Биыл Уәлиханов-Чкалов көшесінде 900 орындық тағы бір мектеп  ашылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...