ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕКТЕПТЕР ДАЙЫН БА?

20:43, 18 тамыз 2021

Облыс бойынша 9 мектепте медициналық көмек көрсету орталығы жоқ. 8 мектеп орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған, білім ордаларының 20 пайызында дәретханалар адам жынысына қарай бөлінбеген. Жыл сайынғы  қомақты қаржыландырудың арқасында оқушылардың қауіпсіздігін сақтау шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр? Облысық коммуникациялар қызметі брифингіде жаңа оқу жылына мектептердің дайындылығы тексерілген кешенді мониторинг қорытындысы жарияланды. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жыл сайын жаңа оқу жылының алдында кешенді мониторинг өткізеді. Онда мектептердің материалдық техникалық базасының жаңаруы, ғимараттарда күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасалған шаралар тексеріледі. Биыл облыстағы 462  мемлекеттік білім беру мекемесі мониторингтен өтті.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Медициналық қызметпен 453 ұйым қамтылған, оның 323 –мектепке дейінгі шағын орталық немесе мектеп жанындағы интернат орналасқан,  медициналық қызметке лицензия да, медициналық қызмет көрсетуге келісімшарт бар. Білім алушылар саны аз 130 ұйымда медициналық қызмет көрсету медициналық мекемемен жасалған келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылады. Тек 9 бастауыш және негізгі мектепте медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылмағаны анықталды.

Мамандар ауылдық орта мектептерде медицналық орталықтың болмауын дәргерлердің жетіспеушілігімен түсіндіріп отыр. Сондай-ақ ауылдардағы бастауыш және негізгі білім беру мекемелірінің 10 пайызы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы келісімшарт ұсынбаған. Бұл білім алушылар санының аздығы және мектептердің аудан орталығынан шалғай орналасуымен байланысты.

 АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

13 мектепте жылу қазандық оқу ғимаратында орналасқан болатын, бүгінгі күні осы мәселені шешу үшін облыстық  бюджеттен 131,3 млн қаражат бөлінген. Барлық мекеме бойынша жұмыстар басталды. ішкі жайларға күрделі жөндеу жүргізу талап етілетін тоғыз  мектеп анықталды. Соның ішінде бесеуі мектептің спорт залдарына күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектеп басшыларының айтуынша барлық нысанға жобалық-қуаттық смета әзірленген, қаржы бөлу мәселесі жергілікті атқарушы органдарына жіберілген, ал бүгінгі күні ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 27 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні 15 пайызында қүрделі жөндеу аяқталды, 9 ғимаратта жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталмауы мүмкін. Мектептердің материалдық техникалық базасы толық. Оқулық жеткілікті. Алайда, интернет мәселесі әлі де өзекті.  Облыстың барлық мектептерінде жылы дәретханалар орнатылған, бірақ, кейбірінде оның сапасы нашар.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

8  мектепте орталықтандырылған су берілмеген, 7 мектепте дәретханаға күрделі жөндеу қажет, мектептердің 20% - ында дәретханалар жынысы бойынша бөлінбегендігі. Мектептердің жартысынан көбінде ғана дәретханаларда жабық кабиналар немесе аралық қабырғалар бар. Осы мәселелер алдағы уақытта ескерілетін болады.

Бүгінгі таңда оқушылардың қауіпсіздігі үшін оқу ордаларына бейнебақылау камералары орнатылды. Ол үшін жыл басынан 65,8 млн тг бөлінген. Былтыр бұл шараға 259 млн теңге жұмсалды.

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...