ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛІП ЖАТЫР

20:45, 3 қыркүйек 2021

Петропавлға оқуға келген студенттердің жатақханаға орналасу мәселесі әлі шешіліп жатыр. Білім қуып келген жастарға жағдай жасауға тырысып-ақ жатырмыз дейді Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ басшылығы. Әзірге мыңға жуық студент қана жатақханадан бөлме алыпты. Қалғандары болса, әлі де пәтер іздеп сабылуда.

Университет жатақханаларында 1114 орын бар. Оған қазір  973 студент қоныстанып үлгерді. Бөлмелер алдымен "Серпін" бағдарламасы бойынша келген студенттер, грант иегерлері, жетімдер, мүгедектер, аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан жастарға берілді.  Сонымен қатар, оқу орны бірінші курс студенттерінің толықтай орналасуы үшін  жағдай жасаған. Бірінші курсқа екпін қойылу себебін әкімшілік олардың  жаңа өмірге қадам жасап жатқандығымен және олардың кейбірі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер екенін айтып түсіндірді.

ЖАНСАЯ ТӨЛЕГЕНОВА,1-КУРС СТУДЕНТІ:

Студенттерді қоныстандыру жұмысы әлі де жалғасады. Бірақ, орын бәріне бірдей жетпейтін анық. Сондықтан,  жоғарыда аталған санаттардың ешқайсысына сәйкес келмейтін жастарға, ақша жұмсауға тура келеді. Қазір білім алушыларды орналастыруға мүмкіндігі бар кәсіпкерлермен ынтымақтастық туралы мәселе пысықталуда. Осының арқасында қосымша 300 орын беріледі деген жоспар бар.  

РЕНАТА АПЕРГЕНОВА, Қозыбаев университетнің АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ:

Жатаханаға орналастыру барысында біздің комиссия алғашқы кезекті бірінші курс пен гранттағы және арнайы жеңілдектері бар студенттерге баса мән бердіСонымен қатар, пәтер жалдап тұру жағы да қарастырылуда. Егер пәтер жалдау 10 мың болса, студенттер үшін жеңілдікпен 2,5 мың теңге болады.

Жыл сайын университетке түсіп, білім аламын дейтіндердің саны артуда. Соған байланысты өткен жылы 1200 орындық жаңа жатақхана құрылысы басталды. Егер ол қолданысқа берілсе, мұндай мәселесі туындамайды дейді оқу орнының әкімшілігі.  

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
13:05, 12 қазан 2021
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ - ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...