ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

20:43, 29 қыркүйек 2021

Қарттар күні мейрамы қарсаңында облысқа қайырымдылық іс-шарасымен Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігінің және ҚР  Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері одағының өкілдері келді. Түрлі майдан шебінде шайқасқан 60-тан астам ардагер 100 мың теңге сыйақы алып, құрметке бөленді. Салтанатты жиынға арна тілшілері де қатысып қайтты.

Салтанатты іс-шарада түрлі жауынгерлік шайқастарға қатысқан ержүрек ардагерлер бас қосты. Өңірге келген меймандар Ауған соғысының - 30, тәжік-ауған соғысының -10 және Ұлы отан соғысыны 23 майдангерімен кездесіп, өздерінің жылы лебізін білдірді. Солардың қатарында Александр Куркин де бар.  

АЛЕКСАНДР КУРКИН, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

-  Әлі есімде. 79-ші жыл. Ең басында Қабулда шайқастым. Әуе десантты әскерінің 345-ші полкында болдым. Жалпы, майдан шебінде 6 айдай ғана блдым. Кейін жарақат алып, елге қайтарылдым. Бүгін осылайша көңіл бөлініп жатқанына өте қуаныштымын.

Солтүстік Қазақстан облысында 100 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Бір ай бойы олар үшін түрлі кездесулер, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, көмек көрсетілді.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Осы айлықта жалпы жыл көлемінде ардагерлер назардан тыс қалып жатқан жоқ. Ол кісілердің үйіне бар не мұқтажы бар, не керек деген сияқты іс-шаралар жүргізіледі.

Мерекелік іс-шараға қатыса алмаған Ұлы Отан соғысының ардагерлері де назардан тыс қалмайды. Делегация бұл жандардың үйлеріне барып, әрқайсысын жеке құттықтаМАҚ.  

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...
БИЫЛ КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 32 ЖЫЛ
17:21, 5 ақпан 2021
БИЫЛ КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 32 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...