ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Астана күні қарсаңында екі жерлесіміз Ғазиз Есмұқанов пен Иван Куропаткин «Солтүстік Қазақстанның Құрметті азаматы» атанды

21:15, 5 шілде 2016

Бұл азаматтардың өңіріміздің дамуына қосқан үлестері, атқарған еңбектері ауыз толтырып айтарлықтай. Ғазиз Есмұқанұлы мал кешендерінің, жолдардың салынуына, Иван Михайлович елімізде астық сақтайтын және қайта өңдейтін ірі элеваторлардың бой көтеруіне мұрындық болды. Ақсақалдарды құттықтаған аймақ басшысы Ерік Сұлтанов олардың кеуделеріне арнайы төс белгілер тақты.

Облыста өңір дамуына үлес қосып, қазіргі таңда еңбек демалысында жүрген азаматтар аз емес. Есімдері аймақтан бөлек, республикаға да танымал жерлестеріміздің қатарында еңбек ардагерлері Ғазиз Есмұқанов пен Иван Куропаткин бар. Астана күні қарсаңында облыс әкімі Ерік Сұлтанов оларға құрмет көрсетті.

Ғазиз Есмұқанұлы өңірімізде әлеуемттік-экономикалық саланың, ауылды жерлердің дамуына, жолдардың салынып, малшаруашылығы кешендерінің бой көтеруіне ат салысты. Бірнеше жыл АШ, еңбек  Миниистрінің орынбасары, ҚР көші-қон Департаментінің төрағасы қызметін атқарған. Осыған дейін 4 рет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Облыспен қатар, тұтас елдің көркеюіне үлесін қосқан жерлесіміз, қазіргі таңда, Алматыда тұрады. Өмірлік жарымен екі ұл, бір қыз тәрбиелеп, олардан 8 немере, 3 шөбере сүйіп отырған бақытты ақсақал.

«СҚО-ның  құрметті азаматы» атағына ие болған екінші жерлесіміз – Иван Куропаткин. Ол 10 жыл «Северэлеватормельстрой» трестін басқарған. Сол жылдары оның басшылығымен астық сақтайтын және қайта өңдейтін ірі элеваторлар салынды. Ерен еңбегі үшін ардагер КСРО медальдарымен және облыстың Құрмет грамоталарымен марапатталған. Салтанатты жиынға қатысушылар – еңбек ардагерлерінің замандастары ақсақалдарды марапаттарымен құттықтады. Салтанатты жиын соңында қонақтар естелік суретке түсті.

Фариза ЖАЗИТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...