ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

13:01, 16 ақпан 2021

 

Тимирязев ауданының Дружба ауылында Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің құрметіне ескерткіш орнатылды. Тастан жасалған мүсіннің салтанатты ашылуына аудан әкімі Нұрлан Кеңесов қатысты. Жалпы 32 жыл бұрын Ауғаныстан жерінде басталған соғысқа Тимирязевтен 28 адам аттанған екен.

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанының 32 жылдығына орай Тимирязев ауданы Дружба ауылында инетрнационалист  жауынгерлердің құрметіне ескерткіш орнатылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Кеңесов қатысып, соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

1989 жылы Тимирязев ауданынан Ауғанстанға соғысқа 28 азамат аттанған. Қанды майданда ерлікпен шайқасып, өзге жұрттың елі мен жерін аман алып қалған қазақтың боздақ жігіттерінің арасында Дружба ауылының тумасы Серік Иманжанов та бар. Мына ескерткішті марқұмның досы жауынгердің қолдағы фотосуретіне қарап Омбыда арнайы жасатқан. 

НИКОЛАЙ УСЕНКОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл ескерткішті мен досым Серік Иманжановтың және жалпы барлық батыр-жауынгерлеріміздің құрметіне арнадым. Мүсінін Серікке ұқсатып жасаттық. Біз қазіргі өскелең ұрпаққа аға буынның батыл, ержүрек болғанын айтып, сол жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуіміз қажет. Менің досым қан майданға 18 жасында кетті. Ол жақтан көптеген марапаттармен оралды. Бірақ өкінішке орай 43 жасында көз жұмды. Жерлестеріміздің ерлігі мәңгі біздің есімізде.

Қазіргі таңда Тимирязев ауданында «Мужество» атты Ауғанстан соғыс ардагерлерінің одағы жұмыс істейді. Оған 13 адам мүше. Барлығы да қан майданды көздерімен көріп,  қару ұстап ұрысқа түскендер.

ЖӘЛЕЛ ҚҰРМАШЕВ, «МУЖЕСТВО» АУҒАНСТАН АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгін ауылымызда осы соғысқа қатысқан ауданымыздың батыр жігіттеріне арналған ескерткіш орнатылды. Ауғандағы майдан даласында мен де болдым.  Сол себепті біздің балаларымыз соғыстың не екенін мүлдем блімесін, ержүрек ардагерлеріміз бейбіт күнде отбасымен бақытты өмір сүрсін деп тілеймін.

Жалпы, өңірде қазіргі таңда 700-ден астам ауған соғысының ардагері тұрады. Ал, қанды майданнан 46 жерлесімізге өкіншіке орай туған елдің топырағы бұйырмады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
БИЫЛ КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 32 ЖЫЛ
17:21, 5 ақпан 2021
БИЫЛ КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 32 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...