ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

БАЛЫҚ ӨСІРУ - БИЗНЕС

19:19, 17 тамыз 2018

Облыс бойынша 3 мыңнан астам су қоймасы болса, оның 461-і балық шаруашылығына тиесілі. Ал 281 көл кәсіпкерлерге ұзақ мерзімге жалға беріліп, олар ондағы балықтың жоғалып кетпеуіне жауапты. Сондықтан да жыл сайын билік пен бизнесмендер балықтың саны мен түрін арттыру үшін қаражат бөліп келеді. Өңірде 2 инкубациялық цех та жұмыс істейді, ол туралы келесі бейнематериалда.

Кәсіпкер Вячеслав Смирнов Кіндікті көлін жалға алып, онда инкубациялық цех орнатты. Жыл сайын шортан, сазан, шабақ және тағы да басқа балықтарды өсіреді. Балықты инкубациялау көктем мезгілінде жүргізіледі. Кәдімгі уылдырықтан балық шығару оңай шаруа емес, бірақ олардың өмір сүру деңгейі 90 пайызды құрайды, ал көлдерде табиғи жағдайда небары 2 пайыз.

ВЯЧЕСЛАВ СМИРНОВ, КӘСІПКЕР, БАЛЫҚШЫ:

- Уылдырықтың балыққа айналуы 90, 50, 70 пайызды құрайды. Әрине оның түріне байланысты өмір сүру көрсеткіші де өзгеріп отырады. Шортан балығы таңертең және кешкі мезгілде 12 күн бойы уылдырық шашады. Соңғы уылдырықты жинап жатқанда, алғашқыларында дернәсіл пайда бола бастайды. Яғни инкубация уақыты 9-11 күн.

Уылдырықтан шыққан шабақтар 10 күндей мамандар бақылауында болады, одан соң көлге жіберіледі. 2017 жылы 220 тонна сиг балығы мен 100 тоннадан астам тұқы балығы өсірілген. Мамандардың сөзінше балық шаруашылығы бірде жақсы пайда әкелсе, енді бірде кәсіпкерді шығынға батыруы мүмкін. Алайда табиғи ресурстардың дамуы әрбір өңір үшін маңызы саналады.

ЕРЛАН ТӘШІМОВ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАНАЛУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Бізде балықтардың санын көбейту үшін екі цех жұмыс істейді. Онда жыл сайын 10 млн.нан астам балық өсіріледі. Сондай-ақ  балық дернәсілдері көрші Ресейге де жіберіледі.

Өткен жылы Ресейге 80 тоннадан астам балық экспортқа жіберілген. Сонымен қатар жалға берілген көлдер жергілікті тұрғындардың да балық аулауына үлкен мүмкіндік туғызып отыр.

Самат САПАРАЛЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, балық өсіру

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...