ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

БИЫЛ КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 32 ЖЫЛ

17:21, 5 ақпан 2021

15 ақпан күні -Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл толады . Бұл соғыс 9 жылдан астам уақытқа созылды. Жалпы, интернационалдық борышын өтеу үшін Ауғанстан еліне 22 мыңға жуық қазақстандық жіберілді. Олардың мыңға жуығы ұрыс алаңында ерлікпен қаза тапса, ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен.

Соғысқа аттанған жігіттердің кейбірінің жасы тіпті 20ға да толмаған еді. Алайда, соған қарамастан олар майданның барлық қасіретінен өтіп әскери борышын өтеді. Сарбаздар халықаралық терроризммен күресті, есірткі бизнесінің шекарадан  өтуіне қарсы болды. Соғыстан кейін жауынгерлердің ерлігі ескеріліп, арнайы медальдармен марапатталды.

ВЛАДИМИР ДОБРЫНИН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Кеңес әскерінің Ауғанстаннан  шығарылғанына 32 жыл толуы, біз үшін үлкен қуаныш. Егер сол уақытта  біздің әскерлеріміз болмаса, тарих мүлдем басқаша болар ма еді. Барлығы өзінің жасына, жағдайына қарамасқан отан үшін, болашақ үшін адал қызмет етіп, қасық қандары қалғанша соғысты.  Барлығы өздерінің азаматтық парыздарын орындай білді.

Клавдия Борисқызы ұлы Владимирдың Ауған жеріне  аттанғанын естігенде төбемнен жай түскендей болды дейді. Бүгінде 90 жасқа келген әжей, Ұлы отан соғысы кезінде тылда екбек еткен. Сондықтан майдан, жаумен күрес дегеннің не екенін бастан өткерген.  Әлі күнге дейін соғыс жылдарын көзіне жас ала отырып еске алады. Қуанышқа орай, ана тілегі қабыл болып, Клавдия Борисқызының ұлы сұм соғыстан үйіне аман-есен оралған.

КЛАВДИЯ ДОБРЫНИНА, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:

- Мен тылда еңбек етіп, қазандарды тазаладым. Бір күні сырттан «Добрынина деген кім? Деген дауыс шықты. Мен деп жауап берсем, ұлың әскерден келді деп қуанышты хабарды жеткізді. Барлық жұмысымды тастап, баламды өз көзіммен көруге жүгіре жөнелдім. Қуанышымда шек болған жоқ.

Алайда, мұндай қуаныш барлығына бірдей бұйырған жоқ. Отан алдындағы парызын өтеп, майдан даласында  ерлікпен қаза тапқандардың есімі мәңгілік тарих бетінде сақталатыны хақ. Ауған соғысының ардагерлері өзінің майдандастарын әрқашанда мақтанышпен еске алатыны да сөссіз.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...