ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТКЕН ЕР

20:50, 3 шілде 2020

Отан үшін жан аямай, сұм соғысқа қатысқан батырлардың есімі әрқашан да ел есінде. Қан майданда өмір үшін өліммен арпалысып, еңбек майданында бел шешпей жеңіске үлес қосқан азаматтарымыз да баршылық. Солардың бірі- соғыс ардагері Сәбит Кеженов. 20 жыл бойы «Лесное» кеңшарында тер төгіп, халық қамын ойлаған тұлғаның биыл өмірден озғанына 40 жыл толып отыр. Алайда, ел үшін еңбек еткен ердің есімі әрқашанда әріптестері мен туған-туыстарының жадында.

Сәбит Кеженов Сыздықұлы  Жамбыл ауданының тумасы. 1923 жылы Ортақшыл ауылында дүниеге келіп, сол жерде балалық шағы өткен. 19 жасында яғни 1942 жылы соғыс басталғанда, әскер қатарына шақырылып, барлаушы қызметін атқарған. Қанды майдан аяқталғаннан кейін ерен еңбегі еленіп «Германияны жеңгені үшін», Құрмет белгісімен, Ленин және еңбек қызыл ту ордендерімен марапатталған. марапатталған. Сәбит Сыздықұлы соғыстан аман оралғаннан кейін отау құрып, 7 баланы тәрбиелеп-өсірген. 1972 жылы өңірімізде ірі «Лесное» кеңшары құрылдыОның  негізгі мекемесі қазіргі Қызылжар ауданындағы Пресновкада, ал екінші бөлімшесі Глубокое елді мекенінде орналасқан.10мың гектар жері бар егіс алқабында дәнді дақылдардың көптеген түрі өсіріліп,   мал шаруашылығында да жетістіктері айтырлықтай болған.  Өз қызметкерлері үшін бар жағдай жасалып, тіпті 80 тұрғын үймен балабақша, қоғамдық моншалар мен дүкендер салған. Тіпті кеңшардың жұмысымен танысуға  Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы,  мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев та келіп, өзінің оң бағасын берген.

СҰРАҒАН СЫЗДЫҚОВ, С.КЕЖЕНОВТЫҢ ӘРІПТЕСІ:

- 19 августта 1942 жылы мені агроном болы жұмысқа алды. Пресновкада кішкентай конторда менімен сөйлесті, ақылын айтты. Глубокое селосына барып жұмыс істейсің деді. Осы ауылға келдім. Механизатор болып. Бөлімшеде 78 механизатор жұмыс істейді екен. 1975 жылы  мені бригадир етіп қойды. Жақсы егін алып, совхоз бойынша үздік атандық. +06,19. Сәбең ағайдан керемет үйрендік. Бірінші өзіне требовательный, кейінен бізді бір шыбықпен ұстап, үйретті.

Жұмыс істеп тұрған кезінде «Лесное» кеңшарының ұжымы  көптеген жетістіктерге жетті. Тіпті, жұмысшылары  «ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері» атағына да ие болған.  Сәбит Кеженов 1980 жылы денсаулығы сыр беріп, өмірден озды. Денесі өзі туып өскен Ортақшыл ауылында жер қойнына тапсырылған. Қазіргі уақытта балалары мен немерелері оның жолын жалғастырып жүр.

ҚАЙРАТ КЕЖЕНОВ, С.КЕЖЕНОВТЫҢ ҰЛЫ:

- Біздің әкеміз өте көп жұмыс істеді. Бірақ бізге, яғни балаларына да көңіл бөлуді ұмытқан жоқ. Кішкентайымнан мені өзінің жұмысына алып баратын. Мен савхоздың жұмысы қалай жанданғанын көріп өстім. Кейінен өзімде агроном мамандығын таңдадым. Кейінен оқу бітігеннен соң өзім де сол жерде жұмыс істедім.

Сәбит Сыздықұлының балалық шағы өткен Ортақшыл ауылынан соғысқа 32 адам   қатысқан. Олардың жартысынан көбі өкінішке орай ел үшін қанды майданда жан тапсырған. Батырлардың құрметіне  кезінде сол ауылдың тумалары  С.Кеженов пен Есім Шайкин ескерткіш те салдырған.Ал биыл яғни, 2020 жылы Сәбит Кеженовтың үлкен ұлы Бағдат Сәбитұлымен Есім Шайкиннің баласы Нұртас Шайкин ескірген ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастаған.

НҰРТАС ШАЙКИН, Е.ШАЙКИННІҢ ҰЛЫ:

- Соғыс уақытында Ортақшыл ауылында үлкен кеңшар болып еді. Бұл елді мекеннен 32 адам соғысқа қатысып, отан үшін жан тапсырды. Кейінен, барлық ауыл тұрғындары, батырлардың туыстары мен  балалары қосылып, олардың есімдері халық ждында қалу үшін осындай ескерткіш тұрғызған. Оспанов, Кеженов, Шайкиндердің қосқан үлесі зор.

Биыл С.Сыздықұлының өмірден өткеніне 40 жыл өтті. Өкінішке орай, бір кездері өркендеп тұрған тұрған кеңшар қазіргі уақытта шаруа қожалықтарына бөлінген. Десек те  көптеген адамды жұмысқа орналастырып,  тұрғын үймен қамтамасыз еткен тұлғаның есімі   әріптестерінің жадында. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...