ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ӘЛЕУЕТІ МЫҚТЫ АГРОҚҰРЫЛЫМ

20:30, 7 тамыз 2018

Мамлют ауданы Меңгесер ауылындағы   «Мәмбетов и К»  командиттік  серіктестігінің құрылғанына  биыл  -    20 жыл.  Мерейтойды шаруашылықтағылар орақ науқанынан соң атап өтуді жоспарлап отыр.  Әзірге,  агроқұрылымда  күзгі  жиын-терімге  дайындық,  қысқа қажетті жем-азық  қорын  жинау жұмыстарының қызған шағы. Жақында мұнда  шетелдік  ірі  қара жеткізілмек.

Агроқұрылым алқаптарында  дәнді және майлы дақылдар  піскелі тұр.   Қазір   шаруалар танаптарды  түрлі  аурулар  мен зиянкестерден  қорғайтын дәрілермен өңдеп  жатыр. Бұл шараның көктемгі-жазғы  уақытта 2-3 рет жүргізілуі   -  мол өнім алудың  кепілі.  Серіктестіктің   22  мың гектар егістік   алқабы бар.     Оның  15 мыңына дәнді дақыл,  қалған жеріне   майлы, бұршақ тұқымдас және  ждем-азықтық  дақылдар егілген.  Агроқұрылым  2012 жылдан егіншілікпен бірге мал шаруашылығын дамыту үстінде.   Алғашында АҚШ-тан   200 бас   абердин-ангус сиыры  әкелінді.   Бүгінде бұл жерде өсірілген  ірі қара  облыс  фермерлерінің  арасында  үлкен сұранысқа ие.   Таяуда мұнда    Германиядан етті-сүтті бағыттағы   симментал сиырларының  ірі партиясы     жеткізілмек. 

ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ – АГРОҚҰРЫЛЫМ ЖЕТЕКШІСІ

- Жоба бойынша 600 сауынды сиырларға, бүгін жер жұмыстары жасалды, фундамент құйылып жатыр. Каркасты көтеріп жатырмыз. Германияға барып, қарамалды таңдап алдым. 600 бас тайша алып келеміз, үш партиямен. Бірінші партиясы бір айдың ішінде келуі тиіс.

Серіктестік  заманауи мал өсіру  кешенін тұрғызды , қазір  мамандар үшін   баспаналар салынуда.    Сүт  фермасының   ашылуымен мұнда  20 адам жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді деп жоспарланған.  Сандық технологиялар олардың еңбегін женілдетпек.         

 Ляззат Салыкова

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...