ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЕЛІН СҮЙГЕНДІ - ЕЛІ СҮЙЕДІ ...

21:02, 9 сәуір 2018

Туған жерге туыңды тік, деген халқымыз. Ақжар ауданында  фермерлік шаруашылығының жетекшісі қарамағындағы жұмысшыларына ғана емес,  атамекенге қоныс аударғандарға да  көмек көрсетіп, өскелең ұрпақтың дені сау болып өсу үшін, спорт үйірмелерін ашып отыр.

Ақжар ауданының сүт-тауарлық  фермасында 50-ге жуық жұмысшы еңбек етеді.. Шаруашылық басшылығы  олар үшін  барлық жағдайды жасап отыр. Демалу бөлмесі, ас үй, әр маманға арналған соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған кабинеттер. Фермердің айтуынша, қызметкерлерге жақын болу керекпіз, «жақсылыққа жақсылық, әр адамның ісі» деген ұстанымды ұмытпау қажет дейді.

МАРАТ ШАПЕНОВ, ФЕРМЕРЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫСЫ:

- Бізде барлық жағдай жасалған, ерлер мен әйелдер үшін бөлек  демалыс  бөлмелері,  монша, ас үй бар.  Жұмыс орны да жылы.  Жалақыны кешіктірмей, ай сайын береміз.Ұжыммен  бірге  инновацияларды енгізу жолдарын  қарастырамыз.

Серік Жаров бұл шаруашылықта  орта  арнаулы  оқу ордасын  аяқтағаннан жұмыс істеп келеді. Бүгінде ол тәжірибесі мол   мал дәрігері. Жаңа технологиялардың енгізілуімен, жұмыс біраз жеңілденіп қалды дейді.

СЕРІК ЖАРОВ, МАЛ ДӘРІГЕРІ:

- Осы мекемеде жұмыс атқарып келе жатқаныма 3 болды. Таңғы бестен, күйлеп жүрген малдарды бөліп, соларды  ұрықтандырамын. Одан кейін бұзауларға барамын. Соларды емдеп, аяқтарына қойып, сондай қызмет атқарып жатырмын. Жаңа технологиялар өте өнімді қазір. Инструменттарымыз жаңарып жатыр, сапасы жоғары, дәрі-дәрмектердің де сапасы жоғары жұмыс істеуге, сондықтан жеңіл.

Кәсіпкер әлеуметтік  саланың дамуына айырықша көңіл бөледі. Ол елдімекенге  қоныс аударған отбасыларға қаржылай көмек көрсетті. Ауыл жастарын да  демеп отырады. Спорт үйірмелерін ашып,  жерлестерінің республика деңгейінде өтетін жарыстарға қатысуына қолдау көрсетеді.

МАРАТ ШӘПЕНОВ, ФЕРМЕРЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ БАСШЫСЫ:

- Еліміздің патриоты болғандықтан, туған өлкемнің дамығанын қалаймын. Біздің болашағымыз жастардың қолында. Жақында күрестен сайысқа мектеп оқушыларын апардық, волейболдан да зор  үміт күттіретін жастарымыз бар. Ең бастысы мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруға ауыстырдық.

Елбасы елдің қамын ойлап, туған жерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген азаматтарды қолдап, ынталандыру қажет дейді. Марат Шапенов осы мақсатта әлі талай жобаларды жүзеге асыруды жоспарларлап отыр.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, фермерлік шаруашылық, қамқорлық, сүт-тауарлық ферма

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...