ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЕЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА ФЕРМА АШТЫ

20:38, 11 маусым 2018

Елордалық кәсіпкер Смағұл Әубәкіров Айыртау ауданында ферма ашып, ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосуда. Ол былтыр өз  кәсібін  дөңгелету  үшін 100 млн теңге инвестиция құйған. Бүгінгі күні Красногорка елді-мекенінің тұрғындары осының арқасында екі қолға бір күрек тауып отыр. Тасы өрге домалаған шаруа қожалығы жайлы әріптесім толықтырады.

Ақжігіт Бекенов - бала кезінен аттың құлағында ойнап өскен азамат. Сондықтан, оған бұл сала таңсық емес. Бүгінгі күні ол тұтастай  бір үйірді бағады. Оның қолына 107 бас жылқы тапсырылған. Оның жартысы арнайы ресей елінен жеткізілсе, қалғаны көрші ауылдардан сатып алынған. Бір жылдың ішінде малдың төл басы 40-қа дейін көбейіпті. Бақташының сөзінше, әдемі жылқыларды бағу қызықты іс. Ақжігіт аға олардың әрқайсысын бес саусағындай біледі.

АҚЖІГІТ БЕКЕНОВ, БАҚТАШЫ:

- Жұмысым өзіме ұнайды. Ай сайын уақытылы жалақы төлеп отырады.  Бұған дейін бір жыл бойы демалыста болғам. Кейін ферма ашылады дегесін осында келдім.

Сонымен қатар, аталмыш фермада оның ауылдасы Виктор Воронов та еңбек етеді. Ол, жазда тракторды тізгіндесе, қыста -  мал қорада. Шаруашылықтың қуатты жем-шөп базасы да бар. Биыл олар 50 гектар жерге жүгері мен судан шөбін еккен.

ВИКТОР ВОРОНОВ, МЕХАНИЗАТОР:

- Мен Красногорка ауылында тұрамын. Бұған дейін кеңшарда еңбек еттім. Кейін ол жабылып қалып көп жылдар бойы үйде отырып қалдым. Бұл фермада ашылғаннан бастап жұмыс істеймін. Жалақым 60 мың теңге. Қысты күні базада болсам, жазды күні егістік басындамын. Жұмыстың барына өте қуаныштымын.бір сөзбен айтқанда барлық жағдай жасалған. Тек қана еңбек ету керек.

Ферма былтыр ашылған. Бұл ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық болыпты. Жаңа 10 бос жұмыс орны қарастырылып,  екі қолға бір күрек таппай жүргендердің көбі жұмысқа орналасқан. Одан бөлек мұнда 110-нан астам ірі қара сатып алыныпты.

СМАҒҰЛ ӘУБӘКІРОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Ауылда не істеуге болады. Мал алайық дедік. Бірінші 11 бас мал алдық симментальский. Содан кейін жұмыс басталғаннан кейін тағы да мал алдық. Қазіргі кезде бізде 104 бас бар. Бұзаулармен. Кейін жылқы алдық. 

Кәсіпкердің алдағы жоспары ауқымды. Келесі жылы ол 200 бас ірі қара малға арналған ферманың құрылысын бастамақшы.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ, Яна ГЛАДКОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, елордалық кәсіпкер, мал шаруашылығы

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...