ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Еңбек ардагері, агроөнеркәсіп саласына еңбегі сіңген қайраткер Мағауия Алазовтың 80 жасқа толуына орай салтанатты жиын өтті

17:50, 24 наурыз 2016

Ардагерге құрмет көрсету үшін оның дос жарандары, әріптестері мен қала жұртшылығы келді. Мағауия Алазов өмір бойы қарапайым механизатор болып еңбек етті. Атақ пен даңққа ұмтылмаған ол жұмысын адал істеп, абыроймен атқарған. Ерен еңбегі үшін Ленин Орденімен, көптеген құрмет грамоталарымен марапатталды. Енді міне 80-нің сеңгіріне шыққан шағында ауыл шаруашылық министрлігінің атынан да алғыс хатқа ие болды.

Ақсақалды құттықтау үшін дос жарандары, әріптестері мен облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшелері де келді.  Агроөнеркәсіп саласына Мағауия Алазов өмірінің 40 жылын арнапты.  20 жыл бойы «Зенченко и К» КС-де жұмыс істеген.  Әріптестері оны тек жылы лебізбен еске алады. Компания өкілдері тығыз жұмыс кестесіне байланысты шараға келе алмағандымен, сыйлықтарын жіберіпті.

Жиналғандар туған күн иесіне бұл күні денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, жылы лебіздер айтып жатты.  Ал осындай сый құрметке ие болған ақсақал болса, осының барлығы еңбегінің зая кетпей өмірі мәнді өткенінің белгісі екендігіне қуанды. Соңында барлығы естелікке суретке  түсті.

Жанара ДУЛАТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...