ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Еңбектің зейнеті

21:15, 29 маусым 2016

Петропавл қаласының тұрғыны Евдокия Данченко облыс дамуына сүбелі үлес қосқан жандардың бірі. Ол Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Солтүстік Қазақстанға келіп, талай жыл зауытта еңбек еткен. Зейнет жасына дейін темір жонып, әскери техникаға қажет қосалқы бөлшектер әзірлепті.

Евдокия Данченко Ленинград қаласының тумасы. Соғысқа дейін өрімдей қыз сол жердегі зауыттардың бірінде еңбек еткен. 4 жылға созылған майдан аяқталғанда, отбасы мүшелерінен қалған жалғыз тірегі – ағасының шақыртуымен Қазақстанға көшеді.

Петропавлға келген алғашқы жылдары Евдокия Федоровна жергілікті асханалардың бірінде жұмыс істейді. Кейін «ЗИКСТО» зауытына фрезерші болып қабылданады. Заманның қиындығын, ақша тұрмақ, тамақтың жоқтығын көріп өскен ол жұмыс таңдаған емес. Сол кезде жұмысшыларға жүктелген басты міндет – соғыс жылдарынан кейінгі халықтың тұрмысын жақсарту, өңірдің дамуы жолында еңбек ету болатын.

Евдокия Данченко - Ленинград блокадасына қатысқан қайсар жан. Сонымен қатар, социалистік еңбек ері, еңбек ардагері, СҚО-ның құрметті азаматы. «ҰОС жеңіске 65, 70жыл» мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталған.

Фариза ЖАЗИТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...