ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЕР ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАС

17:23, 27 қазан 2020

Соғыс ардагерінің наградасы 74 жылдан кейін оның баласына табысталды. Солтүстікқазақстандық Яков Плешивцев 314-атқыштар дивизиясының құрамында Отан алдындағы борышын өтеді. Карелия Фронтында ерлігімен көзге түскен сол кезде сарбаз Екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған екен. Алайда, бұл награда майдангердің қолына табысталмаған. Тақырыпты әріптесім тарқатсын.

Яков Плешивцев әскерге 1941 жылдың маусым айында шақыртылады. Жерлесіміз Петропавлда құрылған 314-ші атқыштар дивизиясы құрамында соғысты. Карельия майдан даласында жарақат алып, қолынан айырылады. Туған елге 1942 жылы оралып, ауыл шаруашылығында еңбек етті.  

НИКОЛАЙ ПЛЕШИВЦЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Соғыс жылдары туған ауылымызда жұмыс көп болды. Әкем үйге оралғанда, жасым небары 4-те болатын. Жұмысқа мені бірге алатын. Соғыс туралы сұрағандарға тіс жармайтын. Әкемнің жасаған ерліктерін арнайы наградалық парақтан көрдім. Ол өз медальдарын да көрсетпейтін.

Соғыстағы ерлігі үшін Яков Плешивцев түрлі наградалармен марапатталған. Соның бірі майдангер өлгеннен кейін ғана елге жетті. Екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденін ардагердің ұлына Ресей елшілігінің өкілдері табыс етті.

ТАЛҒАТ ЮМАДИЛОВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙ ЕЛШІЛІГІНІҢ  ӘСКЕРИ АТТАШЕСІ:

- 1946 жылы Кеңес Одағының Жоғары президумның шешімімен Яков Плешивцевке 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордені берілді. Өкінішке орай, ардагер бұл награданы көрмеді. Біз баласы Николай Яковлевичпен бірге, құжаттарды көтеріп бұл марапатты таптық. Елшілік шешімімен Орденнің құжатын ұлына табыстадық.

Бейбіт заманда батыр аталарымыздың ерен еңбегін ұлықтап, тарих қойнауында қалған жәдігерлерді іздеумен айналысып жатқан жасақтар да бар. Олардың бірі Александр Озегов басқарып отырған экспедициялық топ. Салтанатты жиында бұл азаматтың жұмысы да Ресей тарапынан бағаланды.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...