ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

13:05, 26 қараша 2019

1941-1945 жылдары сұм соғысқа қатысып жараланған 2000-ға жуық  жауынгер, Петропавл қаласының госпитальдерінде ем алыпты. Олардың 400-ден астамы қаза тауып, Қызылжар өңірінің топырағы бұйырған. Бүгін жауынгерлер жерленген зираттан алынған топырақ салынған капсула «Дорога памяти» жобасы аясында РФ өкілдеріне салтанатты түрде табыс етілді. Арна тілшілерінің бейнематериалында.  

2020 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толады. Атаулы датаға орай Ресей мемлекетіндегі «Победа» саябағында 9 мамыр күні  соғыста қаза тапқан жауынгерлердің естеліктері сақталатын бас ғибадатхана  ашылмақ. Оның басты ерекшелігі ғибадатхана кешеніне алып баратын жол 1270 метрді құрайды, бұл   - 1418 қадам. Сұм соғыс осыншама күн болды.

АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 1941-1945 жылдары біздің ата-бабаларымыз соғысқа қатысқан. Олардың көбісі соғыс жанында қаза тапқан. Олардың 2000-ға жуығы Петропавлдағы госпитальдарда емделген. Олардың 447-не ем қонбай қаза тапқан. Бүгін біз оларды еске алуға келіп тұрмыз.

«Дорога памяти» жобасы аясында киелі Қызылжар өңірінен  7 капсула бүгін Ресей мемлекетінің өкілдеріне табысталды. Барлық табыс етілген аманат  фашизммен күресте  ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің естеліктері сақталатын   бас ғибадатханаға қойылмақ.

ПЕТР ВАГИН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСЕЙ ЕЛШІЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОРҒАНЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АТТАШЕНІҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

- «Дорога памяти» жобасы аясында қазіргі уақытта жауынгерлердің естеліктері жинақталып жатыр. Кез-келген осы Петропавл тұрғынында соғыста қаза тапқан туыстарының суреттері мен құжаттары сақталған  болса «Дорога памяти» сайтына кіріп, бізге жіберулеріне болады. Петропавлда 7 бауырластар зираты бар. Ол жерлерде соғысқа қатысқан жауынгерлердің мәйіті жерленген.

Жалпы Қазақстан аумағында  соғыс жауынгерлері жерленген 20ға жуық бауырластар зираты бар екен. Дәл осы бейіттердің барлығынан топырақ алынып, арнайы капсулалар Ресей мемлекетінің бас ғибадатханасына қойылатын болады. 3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында елімізден соңғы капсула  табыс етіледі.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...