ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

17:20, 23 сәуір 2020

Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам аттанды. Ал Солтүстік Қазақстаннан сұрапыл соғысқа 91 мыңнан астам сарбаз жөнелтілді. Оның қатарында Шал Ақын ауданының тумасы Мейрам Қоспанов та болды. Ардагердің жақындарымен әріптесім Нұрбол Балғабеков тілдесіп қайтты. 

НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:

«Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толады. Иә, араға ғасырға жуық уақыт өтсе де, өскелең ұрпақ батырларымыздың ерліктерін ешқашан ұмытқан емес.»

Мейрам Қоспанов- 1904 жылы Шал ақын ауданына қарасты Шортай ауылында дүниеге келген. 1941 жылы 37 жасында ол екінші дүниежүзілік соғысқа аттанады. Ел басына күн туған кезде сол елді мекеннен қан майданға 15-шақты сарбаз жөнелтіліпті. Мейрам Қоспанұлы 234-ші атқыштар дивизясының құрамында Ржев, Великие Луки қалалары үшін шайқасты. 1943 жылы ауыр жарақат алып, ауылға оралады. 

АМАНҒАЛИ ҚОСПАНОВ, М.ҚОСПАНОВТЫҢ БАЛАСЫ:

- «1943 жылы қыркүйек айында әкем ерлік көрсетті. Фашистің екі штабын жойды. Бірақ, немістер көріп, әкемнің аяғына оқ тигізді. Сосын өте ауыр жарақат алып, госпитальда әкемнің аяғына ампутация жасады. Осы батырлық үшін әкем Мейрам Қоспанов «Қызыл жұлдыз» орденімен мараптталған.»

Мейрам Қоспанов қан майданнан оралғаннан кейін колхозда сүбелі еңбек етті. Құдай қосқан жарымен тату әтті өмір сүріп, екеуі өмірге 10 бала әкелді. Кенже ұлы Аманғалидің сөзінше, әкесі көзі тірісінде соғыс жайында айтуды жөн көрмепті.

АМАНҒАЛИ ҚОСПАНОВ, М. ҚОСПАНОВТЫҢ БАЛАСЫ:

«Әкем қайтыс болғанда мен 11 жас болдым. Менің есімде соғыс туралы көп айтпады ол кісі. Бірақ, айтатын сендер осы балалар, бұндай қиын жағдай өмірде көрмендер дейтін. Сендердің басында мұндай соғыс келмесін деп солай айтатын әкеміз»

Салтанат Қоспанова батыр атасын көрмесе де, мақтан тұтады.

САЛТАНАТ ҚОСПАНОВА, М.ҚОСПАНОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:

- «Мен атамның ерлігін мақтан тұтамын. Бақыттымын. Өйткені ол қан майданда  жауға қарсы тұрды. Біз өскелең ұрпақ батырларымызды ешқашан ұмытпау керекпіз. Өйткені, олар бізге бейбіт өмір сыйлады. Мен қатарластарыма атам жайында жиі айтып тұрамын.»

Мейрам Қоспанов туған ауылында жерленген. Оның балалары мен немерелері 9-мамыр күні қарсаңында жылда бас қосып, рухына құран бағыштайды, еске алады.

Нұрбол БААЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...