ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Қарттарды құрметтеу – тәрбиенің бастауы

13:30, 1 қазан 2015

Қызылжар ауданы Бугровое селосының азаматтары, өз жерлестерін дәріптейді. Халықаралық қарттар күні қарсаңында, селолық округ әкімдігі, 40 жыл еңбек өтілі бар зейнеткер Галина Гармашты құттықтап, сыйлық табыс етті. Тіпті, үй шаруасында да қол ұшын созуда.

Галина Гармаш Бугровое селосында туып өскен.  Бар ғұмырын мемлекеттік қызметке арнапты. Көкшетау қаласында кітапханашының оқуын тәмәмдаса да, ол жұмыс көңіліме жақпады дейді. Бір жерде 40 жыл бойы еңбек етуімнің бар сыры, өз жұмысымды жақсы көрдім дейді зейнеткер. Мереке қарсаңында әріптестері оны құттықтауға арнайы келген.

Жалғызбасты келіншек, жұмыс басты болып, отбасын да құрмаған. Бірақ, оған еш өкінбейді. Ауыл азаматтары, құрметтейді, қолдарынан келген көмектерін аямайды екен. Түсіру тобы барғанда да , ауылда бар тимуршылар жасағы, кіре берісті жөндеп жатты.

Алғашқы күннен бастап, алғырлығымен көзге түскен Галина Павловна, алғашында ауылдық кеңесте жұмыс істеген. Зейнетке селолық әкімдікте бас маман болып шыққан. Мен жұмыс істеген жердің атауы ғана өзгеріп отырды, міндет адал еңбек ету еді дейді. Жалпы алғанда, Бугровое селолық округінде 172 зейнеткер тұрады екен. Соның әрқайсысы да, мереке қарсаңында құрметке ие болмақ.

Қарияларға деген құрмет ешқашан толастаған емес. Олардың жүріп өткен өмірі мен еңбек жемістері келер ұрпаққа аманат. Сондықтан Галина Гармаш сынды зейнеткерлер, табысты еңбек ету үшін, сабырлы, төзімді болу керек дейді.

 

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...