ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Қазақстанның кәсіптік және техникалық білім беру саласына биыл 75 жыл толып отыр

17:50, 29 желтоқсан 2015

Осыған орай жерлесіміз, ардагер ұстаз Халида Акчурина «Техникалық және кәсіптік білімнің 75 жылдық мерейтойы» атты медальмен марапатталды.

Кәсіптік және техникалық білім саласы 75 жыл ішінде талай тарихи белестерден өтіп, бірнеше күрделі кезеңдерді бастан кешті. Елорадада өткен «Кәсіптік білім және бизнес» атты 7 халықаралық форумда ерен еңбегі сіңген ардагер оқытушылар марапатталған болатын. Олардың қатарында біздің жерлесіміз Халида Измайловна да бар. Денсаулығына байланысты ол  форумға бара алмапты. Бірақ, медаль өзінің иесін тапты. Сонымен қатар, жаңа жылдық сыйлық ретінде   теледидар   табысталды.

Халида Измайловна 30 жылдан астам өмірін оқытушылыққа арнаған екен. Өзінің еңбек жолын Петропавл қаласындағы  педагогикалық институтын тәмәмдағаннан кейін,  Есеп-экономика техникумында математика пәнінің оқытушысы болып бастаған. 

Бүгінде ұлын — ұяға, қызын — қияға қондырған Халида Измайловна жұбайы Эрик екеуі  немерелерінің ортасында бақытты-берекелі күн кешуде.  

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...