ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР

14:47, 20 шілде 2018

Тайынша ауданы Мәдениет ауылының тұрғыны Қайрат Әбдіров 2004-ші жылы жеке бизнесін ашып, ауыл шаруашылығымен айналысуды қолға алған. Алғашында ол «Жұмыспен қамту- 2020 бағдарламасы» бойынша несие алып, 12 жылқы сатып алған.  Бүгінгі күні осынының арқасында аталмыш елді-мекенінің бірнеше тұрғыны екі қолға бір күрек тауып отыр. Бұл туралы толығырақ әріптесім айтады.

Қайрат Әбдіров- бала кезіннен бастап малдың жанында жүріп өскен азамат. 2004 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 3 миллион теңге көлемінде нәсие алып, қамбар ата төлін көбейте бастаған. Одан бөлек ол біршама уақыттан кейін тағы 5 миллион теңгеге асыл тұқымды 18 бас ірі қара сатып алыпты. Айта кеткен жөн, жеке шаруашылықта  өсірілген  малдың  бір  бөлігін азыққа  пайдаланса, қалған ет пен сүтті сатып, қаражат табады.

ҚАЙРАТ ӘБДІРОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Үкіметттің тағы да субсидиясы бар әр басқа  18 мыңнан берді. Одан Алаботаға барып, асыл тқымды бықа әкелдім. Екі жыл сайын алаботадан Алаботадан ірі қара алып отырамыз. Екі жыл айырбастап тұрамыз. Бір бұқаға 30 бас болу керек.  30 бас болса, үкіметтен субсидия беріледі.  

Жылқыбай Ноғайбаев  жұбайымен  бірге 2004 жылдан бері  жеке  кәсіпкердің қарамағында еңбек етіп келеді. Өзі мал бақса, келіншегі  сиыр сауады. «Жұмысымыз жақсы, айлығымыз уақытылы беріледі»  -дейді.

ЖЫЛҚЫБАЙ НОҒАЙБАЕВ, БАҚТАШЫ:

Келіншегім екеуміз сол енді ақырын жұмыс істеп жатырмыз. Ай сайын зарплатамызды беріп тұр. Менікі сол 70-80 мың теңгеге барады. Жағдайымыз бәрі жақсы. Ауылда істеймін дейтін кісілерге жұмыс бар. 

Қайрат Әбдіровтың алдағы жоспары ауқымды. Ол биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 12 миллион теңге көлемінде несие алып, Ресей елінен 20   ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр. Жалпы, кәсіп ашамын деушілерге  мемлекеттен  әрдайым қолдау  көрсетіледі, дейді  жерлігікті билік  өкілдері.

АСЫЛ МОЛДИЯРОВА, ЛЕТОВОЧНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Кәсіп етіп нәсіп табам дейтіндерге осында барлық жағдай жасалған. Тек ерінбей еңбек етсең болғаны. Негізі Тайынша ауданының тұрғындарының басым бөлігі ауыл шарушылығымен айналысқанды жөн санайды. Бұл бүгінгі таңда  бұл трендке айналған.

Жалпы, Тайынша ауданында ауыл шаруашылығы жақсы дамып келеді. Өткен жылдың өзінде осы өңірдің бизнесмендері мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, 72 миллион теңгеге ірі қара мал сатып алған. Биыл оның саны екі есеге өседі деген болжам бар.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, кәсіпкер, мал шаруашылығы, жылқы

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...