ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Қолдан түрлі бұйымдар жасап, жанына жайлылық табатындардың бірі - петропавлдық Людмила Кузнецова

17:55, 12 қараша 2015

Алғашында мүгедек баласының көңілін аулау үшін, қолөнермен айналысса, енді өзгелерге қуаныш сыйлау үшін, жанын тыныштандыру үшін ермек етеді екен.

Людмила Кузнецова түрлі бұйым жасауды 2002 жылдан бастаған. Ол кезде марқұм ұлы Андрей екеуі Алматыға фестивальға барады. Онда қолдан жасалған түрлі  заттарды көріп, шабыт алып, үйге оралған соң осындай бұйымдарды жасайды. Алғашында ұлымның зағип, мүгедек екенін білдіртпес үшін, оны түрлі қоғамдық шараларға тартып, сол үшін қолөнермен айналысқан болатынмын дейді Людмила Кузнецова.

Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген Людмила қазір, үйінде отырып, түрлі туындыларды жасайды. Қолданылатын материалы да әр түрлі. Мәселен мына, байлық қапшығын кәдімгі дәретхана қағазынан жасаған. Ал, мына арбаларды істеу үшін, қатты қағаз мен дүкен гүлдері керек болыпты. Әрбіреуін жасауға әр түрлі уақыт кетеді дейді. Бәрінен де шеберге кішкентай  шәркейлерді жасаған ұнайды екен.

Өз бұйымдарын Людмила саудаға шығармапты. тек жақын туыстары мен , достарына  сыйлайды. Әрі қаншасын өмірге әкелгенін де білмейді. Бар білетінім мен қоршаған адамдарға қуаныш сыйлап жүрмін дейді. Бұл сөзін «Қамқор» қоғамдық клубының жетекшісі де растап отыр. Людмила Кузнецова ұлы көз жұмса да, сол клубтың мүшесі болып қалыпты.

Қолөнер шебері жасайтын бұйымдарымның көбі күнделікті қолданылатын материалдар дейді. Әрі  дүниелердің көбі қыз-келіншектерге арналған екен. Болашақта ер адамдарға сыйлықтар жасап көремін дейді.

 

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...