ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ҚОС МАЙДАНГЕРДІҢ ҰРПАҒЫ

17:20, 4 мамыр 2020

Ұлы Жеңіске биыл – 75 жыл. Қан майданда отан үшін от кешкен батырларамыздың қатары жыл сайын сиреп барады.  Бақытты ғұмыр сыйлаған ата-әжелеріміздің ұрпағы, біздер бейбіт өмір үшін соғысқан азаматардың ерлігін  еш ұмытуға жол бермейміз, дейді мектеп оқушысы Дариға Басыбаева. Оның екі бірдей атасы ҰОС ардагері.

- Отбасымның маған соғыс туралы көп мағлұмат бергенінің арқасында, бейбіт өмірдің қаншалықты жақсы бақытты екендігін түсінемін және де бағалаймын.

9 мамыр Жеңіс күні мейрамын Дариға Басыбаева әсіресе асыға күтеді. Соғысқа қатысқан аталары туралы мәліметтерді ақтарып, олардың ерліктерін мақтан тұтады. Дариғаның екі -атасы - Сатыбалды Шаймергенов пен Мырзағұл Сүлейменов майданда болды. Батырлардың ұрпағы – Дариға елі үшін шайқасқан аталарының ерлігін бағалайды.  

ДАРИҒА БАСЫБАЕВА, ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҰРПАҒЫ:

- Анамның атасы Мырзағұл Сүлейменұлының фотосуреттері жоқ және ол кісі туралы ақпараттар аз. Оған қарамастан, атмның кім екенін, қандай ерлік жасағанын білемін. Қаунышқа орай Сатвалда Әлиұлы туралы ақпарат көп. 9 мамырға қарсы ғана емес, жиі-жиі аталарымыз ерлігі туралы, атам мен апам сыр шертеді. 

Мырзағұл Смағұлов туралы мәлімет аз. Ол туралы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан аздаған материал табылыпты. Жауынгердің Украин майданының үшінші әскери тобының құрамында соғысқаны анықталды. Сталинград түбіндегі шайқастарға, Днепр өзенін кесіп өту шабуылына қатысқан. Соғыста екі жарақат алып, «Ерлігі» үшін медальмен марапатталған.  Ал, Сатвалда Шаймергенов 1942 жылы совет үкіметінің шығысын қорғап, 45-ші жылы Жапон үкіметі бастаған шайқасқа қатысқан.

ОРМАН БАСЫБАЕВ, С. ШАЙМЕРГЕНОВТЫҢ КҮЙЕУ БАЛАСЫ:

- Біздің атамыз 215-ші атқыштар батальонында соғысқа кірісіп кеткен. Соғыс туралы көп айтпайтын еді. соғыс жылдарын есіне алуға қиын болған шығар деп ойлаймыз. Шайқас қиын болды. Сол соғыстан көп достарымнан айырылып қалдым деп.  Көзіне жас алып, естеліктер айтатын. 3,05/1945 жылы елге оралды одан кейін 30 жылдай  тергеу изоляторында қызмет істеді.

Сатыбалды Әлиұлы ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің өскенін көрді. Ардагердің қызы Майнұр Басыбаева жастайынан әкесі туралы тек жақсы сөздер естіп өскен. Ол мінездері дарқан, жандары жайсаң, елдің жалынды ұл-қыздары болсын деп, асқар таудай әкесінің өсиеттерін бүгін немерелеріне айтып отырады.

МАЙНҰР БАСЫБАЕВА, С. ШАЙМЕРГЕНОВТЫҢ ҚЫЗЫ:

- Менің әкем қарапайым болды. Тустарға көмектескісі келді. Барлығымыз тату өмір суруіміз керек деді. Адал болыңдыр деп айтатын. 9 мамырда жиналып, зиратына барамыз. Туыстарымыз еске алып отырамыз.

Бүгін бейбіт өмір кешіп жатқан әр азамат кешегі қан майданда ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, болашақ ұрпаққа азаттық пен бақыт сыйлап кеткен ардагер аталарымызды ұмытпауы қажет.  

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...