ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

«Құрметті ардагер» медалі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін 25 солтүстікқазақстандыққа табысталмақ

21:30, 5 қаңтар 2016

Бұл наградаға лайық деп танылғандардың қатарында 40 жылдық еңбек өтілі бар Василий Лапин да бар. Ардагер ұстазға медальді ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі табыстады.

Василий Лапин еңбек жолын Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылық колледжінен бастаған болатын. Ол бұл оқу орнында 1962 жылдан 1996 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін қызмет етті. Білікті ұстаздың алдынан ауыл шаруашылығы саласына қажетті талай   маман   қанат қақты. Бүгінде Василий Федоровичтің еңбегі жоғары бағаланып, «Құрметті ардагер» медалі табысталды.

«Құрметті ардагер» медалі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін өз ісінің білікті мамандарына табысталады. Награда Қазақстанның әр аймағында  өз иелерін табуда. Солтүстік Қазақстан облысында бұл марапатқа  25 адам лайық деп танылыпты.

Айтулы марапатты Василий Лапинге оның шәкірті, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет етіп келе жатқан Михаил Трошихин табыстады. Бұл күні ардагер ұстазды марапатымен  облыс, аудан мәслихаттарының депутаттары да құттықтады.

 

Аманжол НҰРТАЗИН

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...