ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

МАЙДАНГЕР СҮЙЕГІ ТУҒАН АУЫЛЫНДА ЖЕРЛЕНДІ

20:40, 26 қазан 2020

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Айыртау ауданынан  ҒАНА 10 мыңға жуық азамат  қолына қару алып, майданға аттанады. Фашистерге қарсы күресте  жауынгерлердің жартысына жуығы мерт болған. 1700-ден астам сарбаз хабар-ошарсыз кетті. Наурыз айында Украина жерінен  із-түссіз жоғалғандардың қатарында жүрген МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ зираты табылды. Солардың бірі - Дәуқара ауылының тумасы Қайыржан Тікшекеевтің сүйегі елге жеткізіліп, туған жердің топырағы бұйырды.

Қайыржан Тікшекеев 1916 жылы Айыртау ауданындағы Дәуқара ауылында дүниеге келген. Ұлт-азаттық көтеріліс болып жатқан кез. Жерлесіміз қиын-қыстау заманда өмір есігін ашқандықтан ба балалықпен ерте қоштасыпты. Өмірдің ащысын татып, ауыр жұмыс істеген. Әкесі оны он үшінде отау иесі еткен. Кейін 25-сінде, бұл 40-шы жылы Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына алынып Ресейдің Сочи қаласына жіберіледі.

МАРАТ ТІКШЕКЕЕВ, ҚАЙЫРЖАН ТІКШЕКЕЕВТІҢ НЕМЕРЕСІ:

- Ол кезде Мағрой есімді қызы болады. Дулат есімді ұлы болған. Осы кезде Қайни апамыз 3-шісіне аяғы ауыр болған. Атын Әскер деп қояды.  Содан 41-ші жылы соғыс басталады.  Ворошиловград, Светлогорск, Карлмаркс қалаларында болған.

Сарбаз майданның ортасында жүрсе де мүмкіндік тауып отбасына әр ай сайын хат жазып отырған екен. Оның 12 сағыныш жолдауы үйіне, батырды күтіп отырған жанұя мүшелеріне жетеді. Бірақ, одан кейін ешқандай хабар-ошар келмепті. Фашистер шегінген жылы ғана суық ақпар жетеді

МАРАТ ТІКШЕКЕЕВ, ҚАЙЫРЖАН ТІКШЕКЕЕВТІҢ НЕМЕРЕСІ:

- Соғыс біткен кезде «қара қағаз» келеді. Неше түрлі әңгімелер кетеді. «Сатқын» болды деп те айтты. Немістерге беріліп кетті, сонда үйленіп, қалды деді. Сатқын болмаған, окопта қалып қойған.

Бұл өлеңнің сөзін Қайыржан Тікшекеев жазыпты. Оны жұбайы Қайни апамыз орындап жатыр. Өкінішке қарай, зайыбы 95-ші жылы марқұм болған. Ақ жаулықты ана жұрттың айтқан сөзіне құлақ аспай, өмірінің соңына дейін серігін іздеген. Ресейге бірнеше рет барып, қалаларындағы архивтерді ақтарған.

Сүйікті әрі адал жардың арманы 79 жыл өткен соң ғана орындалды. Биыл Отан үшін отқа түсіп, су кешкен жауынгер Қайыржан Тікшекеевтің сүйегі табылды. Оның соңғы шайқасы Украинадағы Киев облысы Макаров ауданында болыпты. Сарбаз ұрыс кезінде денесіне оқ тиіп, окоптың ішінде сол күйі көміліп қалыпты. Денесін сол жақтың жергілікті іздеу тобы тапқан.

АНАТОЛИЙ ВОРОНОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Қатардағы Қайыржан Тікшекеевтің жатқан жерін украиналық «Вертикаль» іздестіру тобы наурыз айында тапты. Марқұмда аты-жөні, туған жері жазылған медальоны болды. Жанында соғыс туралы жазған күнделігі де жатты.

Фашистерге қарсы күресте мерт болған батырға туған жерінің топырағы бұйырды. Қайыржан Тікшекеевті талай жыл күткен ауылдастары мен ұрпағы марқұмды арулап, жер қойнына тапсырды.

ҚАСЫМ НҰРҒАЛИЕВ, АРДАГЕР ҰСТАЗ:

-  Майданнан келген жауынгерлер Дәуқарада әр түрлі қызмет жасады. Мұғалім, механизатор, малшы болғандар да бар. Барлығы жастарға үлгілі тәлім-тәрбие берді. Ерлік, отансүйгіштік туралы айтып өтті.

Өкінішке қарай, ауылдағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің барлығы о дүниелік болыпты. Бүгінде ауыл тұрғындарының тілегі - кезінде хабар-ошарсыз кеткен өзге де сарбаздардың сүйегін тауып, кіндік қаны тамған туған жерінің қойнына тапсыру.

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...