ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

МӘЖКЕН ҒАББАСОВТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

20:43, 18 қараша 2019

Петропавлда көрнекті мемлекет  және қоғам қайраткері Мәжкен Ғаббасұлы Ғаббасовқа арналған ескерткіш тақта орнатылды. Жерлесіміз 20 жасында Ұлы Отан соғысына аттанып, Сталинградта шайқасқан. Майданнан соң оқытушылықпен айналысқан.  «Парасат» орденіне ие болған  алғашқы солтүстікқазақстантардың бірі. Ұлы тұлғаның есімін ұлықтауға шаһар ардагерлері, достары мен ұрпақтары келді.

Мәжкен Ғаббасұлы Ғаббасов Есіл ауданының Жекекөл ауылында дүниеге келген. Әскерге 1941 жылдың желтоқсанында аттанған. Ардагердің кеудесіне 18 медаль мен 6 орден тағылған.  Адал еңбегінің арқасында жоғары құрметке ие болған жерлесімізге ескерткіш  тақта қызмет еткен жұмыс орнының іргесіне орнатылды.  Қазақстан Конституциясы көшесі бойында орналасқан полиграфия ғимаратында  бұрындары Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің жергілікті өнеркәсіп басқармасы болған.  Мәжкен Ғаббасұлы осы жерде  16 жыл  басшылық  қызметте болған.  

МАРАТ ҒАББАСОВ, М. ҒАББАСОВТЫҢ ҰЛЫ:

БҮГІН БІЗДІҢ ОТБАСЫМЫЗДА МАҢЫЗДЫ КҮН, өйткені біздің асқар таудай әкемізге, осындай ескерткіш тақтай ашылып жатыр. Оның өмір бойы істеген ісіне үлкен жоғары баға деп есепетймін.

Ардагер майданнан келіп, оқытушылықпен айналысып, жас ұрпаққа математика және физика пәндерінен білім берген. Жарымен бірге 4 бала, 7 немере тәрбиелеп өсірген. Бүгінгі тарихи шараға оның замандастары, ағайын-туысы, ұрпақтары қатысты.

ЕРМЕК МУСИН, М. ҒАББАСОВТЫҢ ДОСЫ:

БҰЛ КІСІ көрші болды. Үлкен ұлының досы едім. Сол арқалы сол кісімен танысып, көршілік ретінде, дастарханның көркі болып, батасы дұрыс кісі еді. Зейнеттте жүрсе де. Көп қызмет етті. Ашылған тақта қалған балалрына тәрбие болсын, есіне сақтайды әрқашанда.

Мемлекет және қоғам қайраткері 2011 жылы 90 жасында өмірден озды. Мәжкен Ғаббасов тәуелсіздік алған жылдары облыста алғашқылардың қатарында   «Парасат» орденіне ие болған жанның бірі. Адал еңбегі үшін көптеген Үкіметтік наградалармен, жауынгерлік және «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...