ШҰҒЫЛ! Қ.АҚСАҚАЛОВ: ЖАҢА ӘКІМ БҰРЫНҒЫДАН АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК Толығырақ

ОТАНЫН ҚОРҒАҒАН БАТЫР

17:58, 11 ақпан 2020

Бүгінгі таңда Петропавл қаласында  көзі тірі 40 жеңіс жауынгері тұрады.  Өкінішке орай күн санап ардагерлердің қатары сиреп барады.  Жастық шағын сарп еткен қариялардың бірі Степан Башкиров. Прага қаласын босатуға қатысқан жауынгер бүгінде бейбіт күннің шаттығын көруде.

Степан Башкировтың уайымсыз жастық шағы осы мезетте аяқталады. Әкесі майданға аттанып, 15 жасында көпбалалы үйдің үлкені болып қалады. 7 сынып оқушысы мектепті тастап, зауытқа жұмысқа орналасады. Степан Федорович 17 жасқа толғанда  фронтқа жасырын аттанады. Ол майданда фашистермен күресу әрбір азаматтың міндеті екенін түсінеді.

СТЕПАН БАШКИРОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ, ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

Жұмыс барысында қолымды зақымдап алған едім, сол үшін соғысқа баруға рұқсат болмады.  Алайда, майданнан қайтып оралғандарға құтты бір киелі жандар секілді қарайтынбыз., қызығатынбыз. 17 жасқа толып, ер жеттік емес пе деп, өз-өзімізден  ұялатынбыз . Зауыттан қашып кетіп, соғысқа аттанатындар қатарына жазылып, вагонға отырдым да кетіп қалдым.

Семей қаласына жетіп, Тамбов Қызыл Ту жаяу әскер училищесінде қысқа мерзімде оқу курсынан өтіп, кіші лейтенат атаған алады.  72-ші атқыштар Павлов Қызыл Ту дивизиясында взвод командирі болады. Польша, Чехословакияны жаудан азат етті. Соңғы шайқасы Прага қаласында болған екен. Степан Башкиров бізбен сұхбат барысында сол зұлмат соғыстың салдары мен жолдастарының ерлігін еске алды.

СТЕПАН БАШКИРОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ, ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

- Есімде қалған сәттердің бірі – қарсыластардың елдімекенін жаулап алған едік, келесі күні тағы шабуылдаймыз деп дайындалып отырғанда, олар артиллерия снарядын лақтырды. Мен оның дыбысын ұшақ па деп қалып далаға шығып, қай жақтан келе жатыр екен деп аспанға қарап тұрдым. Бір сәтте ысқырып тұрып қатты жылдамдықпен дәл жаныма келіп құлады. Енді кішкене болғанда басыма түсер еді. Мен осы жерде отырмас  едім, бағым бар екен, аман қалдым.

Степан Башкиров сол жылдары болған әрбір сәтті есінде сақтап, бізге, жас ұрпаққа жеткізгісі келеді. 95 жасына қарамастан әр таңын денесін  жаттықтырумен бастайды.

Денесін  жаттықтырып қана қоймай, шахматқа да көңіл бөледі. Осылайша миды жаттықтырып, дамытады.

Степан Башкиров жарымен 70 жыл бақытты өмір кешті. Аяулы жан-жары 90 жасында өмірден озды. Бүгінде, 3 қыз, 4 немере, 7 шөбере, 3 шөпшек сүйіп отыр. Степан Башкиров   қоғамдық өмірге белсене ат салысып жастармен кездескенді ұнатады. Қарт майдангер өскелең ұрпақ соғыстың қасіретін, жоқшылықты көрмесе екен деп тілейді. 

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
13:03, 11 қазан 2021
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ...
Толығырақ...
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
17:22, 11 қазан 2021
ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
17:15, 13 қазан 2021
ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ АВТОПАРКІ 30 ЖАҢА КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...