ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Тәжірибелі агроном, облысқа белгілі қоғам қайраткері Петр Николаевич Демьяненко биыл 80 жылдық мерейтойын атап өтуде

17:50, 13 шілде 2015

Туған күн иесін достары мен әріптестері құттықтады. Өз ісіне адалдығы мен құрметі үшін Петр Демьяненко облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан грамотамен марапатталды.

Табиғатынан байсалды, әрі еңбекқор Петр Демьяненконы білетіндер қатты құрметтейді. Біраз жылдар Тимирязев ауданы компартиясында хатшылық қызметте істеді. Кейін Солтүстік Қазақстан облыстық компартиясының бөлімінде жетекшілік етті.  Бидай сақтауда заманауи технологияларды алғашқылардың бірі болып енгізді. Аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін  туған күн иесі облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Петр Николаевич 18 жыл  «Қазнанөнімде» еңбек етті. Дәл осы жылдары біздің облыс жоғары экономикалық көрсеткіші үшін Ленин орденімен марапатталды. Сол үшін Петр Демьяненко мемлекеттік наградаға ұсынылып, төсіне Еңбек Қызыл ту ордені тағылды. 

Петр Николаевич бүгінде 80-ге келсе де облыстық ардагерлер кеңесінде комиссия мүшесі боп жүр. Жас агрономдар мен мамандар кәсіби кеңес алу үшін оған  жиі жүгінеді екен. 

 

Балжан БЕКМАҒАМБЕТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...