ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Облыс орталығының тұрғыны Сергей Бейнертов саяжайында 30 дан астам гүл түрі мен жеміс жидектерді өсіреді

17:55, 15 шілде 2015

Петропавл тұрғыны Сергей Бейнертовтың саяжайында тек гортензияның ғана 13 түрі бар. Сондай-ақ, біздің өңірде сирек кездесетін флокс, манарда секілді өсімдіктерді де осы жерден көруге болады. Үш жылдың ішінде шағын ғана жерді гүл-баққа айналдыра білген бағбанның жұмыстан бос уақытының бәрі осы жерде өтеді екен.

Сергей Бейнертов мамандығы - гимнастикадан жаттықтырушы.  Ал, бағбандықпен айналысу бала кезгі арманы екен. Мына 12 сотық жерді ол 3 жыл бұрын сатып алыпты.   Кезінде картоптан басқа еш өсімдік өспеген  бұл участок  3 жылдың ішінде ғажайып баққа айналған.

Саяжайда жайқалған гүлдер  көздің жауын алады. Мұнда раушан, лала гүлі,  түймедақ, петунья, хризантема  өсуде. Тіпті, біздің жақта кездесе бермейтін экзотикалық өсімдіктердің  флокс, астильба, манарда сияқты түрлері де бар. Ал,негізінен  Сахалин, Жапон және Қытай елдерінде көптеп кездесетін гортензия өсімдігі -  бағбанның  мақтанышы.

Сергей Валентиновичтің саяжайында бос жатқан жер жоқ. Гүлдермен бірге ол қысқыға қамдану үшін көкөністерді өсіріп, жеміс-жидектердің түр-түрін отырғызады. Құлпынай,  шие, таңқурай жемісін беріп жатса, өзі өсірген жүзімнің өнімін қыркүйек айында теріп алмақ. Кейіпкеріміздің айтуынша, бағбандықпен айналысу әркімнің қолынан келеді, алайда, бұл кәсіп үлкен  шыдамдылық пен еңбекті қажет етеді.

 

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...