ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Петропавлдық шебер Сергей Сапко түрлі заттардан әсем бұйымдар жасайды

13:30, 18 мамыр 2016

Петропавлдық тұрғын Сергей Сапко өзінің шағын шеберханасында ағаштан раушан гүлдер, түрлі құс ұяшықтарын, тағы да басқа ерекше туындыларды жасайды. 1 топтағы мүгедектің бұл іспен айналысып жүргеніне бірнеше жыл болған. Әртүрлі композияларды жасауда шебер сырт көзге бір бірімен үйлеспейтін материалдарды қолданады. Ерекше туындылармен біз де таныстық.

Мына бір бөлмеде шебер өзінің идеяларын іске асырып,түрлі бұйымдар жасайды. Жұмысқа қажеттінің  бәрі бар:  станок, түрлі материалдар. Ағашты  оюмен өрнектеуге бала жасынан әуестенген. 7 жыл бұрын екі аяғынан айрылған мүгедек бұл ермегін табыс көзіне айналдырған. Қолда бар материалдармен бастаған шебер, бір жыл бұрын кәсіпкерлерді қолдау қорына жүгінген. Өзінің жеке кәсібін ашып, қазір ісін дөңгелетіп отыр.

Ал мына ағаштан жасалған раушан гүлі, көп ұзамай Ресей Федерациясында өтетін көрмеде таныстырылмақ. Туындыдағы әрбір гүлді нақышына келтіріп жасауға  Сергей көп уақытын сарп етті. Әсіресе бояудың кебуіне біраз уақыт кеткен көрінеді. Сондай-ақ кіре берістегі дегелекке  деген шебердің көзқарасы ерекше. Оны ол гипстан жасаған.

Алдағы уақытта Сергей өзінің басты идеялары Бәйтерек пен Эйфель мұнарасын жасауды жоспарлап отыр. Ол жұмыстарға шебер көп ұзамай кірісем дейді.

 

Тоқтар ҒАЛЫМ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...