ШҰҒЫЛ! КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ Толығырақ

Покровка ауылының тұрғыны Александр Гордеев «Даму» қорынының 1 млн теңге грантына ие болды

13:35, 7 қыркүйек 2015

Бүгінде ол Есіл ауданында жануарлардан тұлып жасайтын жалғыз жан. Болашақта шебер өз жеке шеберханасын ашуды көздеп отыр.

Александр Гордеевтің шеберханасы үйінде орналасқан. Бүгінде ол баспанаға күрделі жөндеу жүргізіп жатыр. Ал, «Даму» қорынан берілген грантты таксидермист жануарлар тұлыбын жасауға жұмсамақ. Қаражат – оның өнерін жаңа деңгейге шығармақ. 

Александр Гордеев аң-құстың тұлыбын жасау ісімен 10 жыл айналысып келеді. Осы аралықта кәсіптің тереңіне бойлай білді. Оның айтуынша, таксидермист болу үшін зоология, ветеринария, экология және химия ілімдерін жетік білу қажет.

Тұлып жасауға зақымы аз ауланған аң терісі пайдаланылады. Александр Гордеевтің қолынан шыққан жәдігерлер Явленка, Сергеевка және Петропавл қаласының мұражайларында тұр. 

Таксидермист шеберханасын мүсінші студиясымен теңестіруге болады. Бұл қабанның бас сүйегі. Ол құрылыскөбігімен толтырылады. Кейін қабанның терісі қапталынып, боялады және подиумға қойылады.  Кәсіптің бұл түрімен айналысу оңай емес. Өйткені, қажетті материалдар қымбат тұрады. Жақында берілген грант арқасында Александр Гордеев көптен ойында жүрген ниеттерін іске асырмақ.

 

Аманжол НҰРТАЗИН

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:45, 29 қыркүйек 2021
ТӘЖІК-АУҒАН СОҒЫСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ЖАУЫНГЕРГЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺА...
Толығырақ...
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
13:01, 16 ақпан 2021
АУҒАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
20:37, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
20:39, 26 қараша 2021
АУЫЛ ЖАСТАРЫ COVID-19 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...